ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Өткізілген іс-шаралар

«Ай-Ару» рухани-танымдық қыздар орталығының «Адамдық негізі-әйел» атты І фестивалі өтті

ai_admin 23.02.2018 102 рет қаралды

Бүгін Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетіндегі «Ай-Ару» рухани-танымдық қыздар орталығының ұйымдастыруымен «Адамдық негізі — әйел» атты І фестиваль өтті. Әл — Фараби кітапханасында өткен бұл іс — шараға Сүлеймен Демирел атындағы қазақ — түрік университетінің, Қыздар педагогикалық университетінің, Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысып, топтық жоба қорғау, эссе жазу, өнер сайыстары бойынша бақ сынасты.Сайыстардан оқ бойы озып шыққан Қыздар педагогикалық унивеститетінің студенттері болды. Сондай — ақ, аталған номинациялар бойынша барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды. «Ай-Ару» рухани — танымдық қыздар орталығының жетекшілері Асқарова Алтынай Шаулиқызы мен Оспанова Гүлмария Тұрысбекқызы фестиваль барысында «Ай-Ару» сайтының ашылуымен таныстырып, орталықтың жаңаша форматта қайта қолға алынғанын атап өтті. Кеш соңында қатысушылар арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*