ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Жаңалықтар

«Бір ел — бір кітап»

ai_admin 20.04.2018 57 рет қаралды

Бүгін Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 14 — кітапхана бөлімшесінде «Бір ел — бір кітап» жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған дөңгелек үстел болып өтті. Аталған іс — шараға әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Көкжиек» ғылыми — шығармашылық ұйымының және «Ай — Ару» рухани — танымдық қыздар орталығының студенттері белсене атсалысты.Кітапхана ұжымы өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол іс — шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.  Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік — Кебек» дастанының көркемдік ерекшелігі мен тарихи шындыққа жанасымдылығы, ұлттық құндылықтардың дәріптелуі мәселесі қызу талқыланды. Ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» және «Анадан алғаш туғанда» атты әндерін студент жастар әуелете шырқады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*