ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Поэзия

Қалқаман Сарин қандай ақын?

ai_admin 01.05.2018 60 рет қаралды

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы. «Жібек сезім – Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» т.б. ән мәтіндерін жазған

***

Оқырман қыз

Оқырман қыз,

Өмірде алыс,

Өлеңде жақын жанбыз.

Түнге сіңіп тағы да

Ай жүзінен

Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?

Мұңаймашы,

Түспесін еңселі арман.

Ықыласын бір саған аударар ем,

Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

Амал нешік?..

Сансыз арман сарылып санамда өшіп

Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,

Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

Аңғалым-ай!

Жағымды бір болар ма ең, жанға бұлай.

Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам,

Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

Мөп-мөлдір шық,

Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,

Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,

Жүрегіңнен жарғандай КӨКТЕМ бүршік.

Оқырман қыз… Өмірде алыс,

Өлеңде жақын жанбыз.

Түнге сіңіп тағы да Ай жүзінен,

Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз…

Оқырман қыз…

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/biography/6352-sarin.html
Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/2732/

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*