ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Поэзия

ӘСЕЛ КӘРІБАЙ: «Біз неге Ғарышты аңсаймыз?»

ai_admin 01.05.2018 59 рет қаралды

escapism 

біз неге Ғарышты аңсаймыз?

кеткіміз келіп асығып.
жанарымыздан жұлдыздар ағып,
ай жүзімізді түнгі ызғар қарып,
алданыш болар мас үміт.

Жерді əлде жатсындық па екен?

жатсындық, көкем…
бір түйір мейірім таппай.
күйігін қаптай басыңа
мəңгүрттендірер.
даланы Жаңғыртқан жылар…
төбеңнен Қаңғыртқан күлер…

астаң-кестең дүниені төңкеріп тастап
кеткің келеді.
себебі,

бұл жақта:

умаждалған гүлдердің тағдыры аңқыр.
өлгендердің қайғысы ауада мүңкір.
шашы ағарған арманнан əлсіреп жарқыл.
қарғыс айтып қақалған кемпірдей күңкіл.

деміңе сіңген дəуірдің хаттарын оқып,
жеңіңе жұққан сиямен жазасың өлең.
ақынмын деген біреуді мақтарсың көкіп.
адалмын деген біреуден түршігер денең.

жыртығын жамар жаныңның шүберек-сөздер.
бір тыным таппай қуасың сап-сары сағым.
кептерің ұшқан кеудеңнен үпелек-кездер.
содан соң,
көктемің жүрер паналап қабірдің маңын.

шаң басқан миың түшкіртер,
көнерер көзің,
кезеріп ернің кетеді,
жасың да құрғап,
етіңді сылып алғандай мүжіліп төзім,
Ғарышқа кеткің келеді!

бір уақ. 

Дереккөз: http://ult.kz/post/asel-karibay-olenderi#

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*