ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Поэзия

Сандуғаш Серікқызы: «Көз ілме бірақ!»

ai_admin 01.05.2018 60 рет қаралды

* * *

Біздерге

…көкте – Күн

…жерде – Топырақ

Қарусыз, кең құшақ қарауыл.

Оларсыз:

қу тақыр Пенде тоқырап,

қирайды қала – Бұл!

О, Қала!

Есіне!

Көз ілме бірақ!

Қи маған бір мезет Ұйқыңды.

Тарқатсын

Бойжеткен өзіңде жылап,

қиялын – сиқырлы…

Өткеннің…

бүтіндей күн жұтқан Мұңын

Қақалып, тастайды түн құсып.

Қыз үні жаңғырар жым-жырт таң – Бүгін,

сүйгенше гүлді шық:

«Көктемнің тамбаса Ой тамшылары

шылқытып, есіме менің.

Реніштің тұтанбай Сайтан шырағы,

… ех, кешірер едім!»

Қала ояу,

Мен – әлсіз, бұлақ қайғының

Таң атып, үні қарлыққан…

Көктемнің күндізін Ұнатпайтыным

–  Сондықтан!

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/45178/

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*