ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Мен оқыған бір кітап

Тағы да баянсыз махаббат

ai_admin 03.05.2018 41 рет қаралды

Базарбаева Алия Мұхтарқызы

Қазақ Филологиясы-202

 

Рецензия Бексұлтан Нұржекеевтің  IX шығарылымы Ерлі зайыптылар жинағына кірген « Құпия махаббат» әңгімесіне.

 

                    Тағы да баянсыз махаббат.

Өзім жас буын өкілі болғандықтан махаббат, сезім тақырыбы көтерілген шығарма оқуды ойлап жүрген едім. Кітаптар сөресінде бірден көзімен түскен Бексұлтан Нұржекеевтің қызыл түсті кітабы болды.Осыдан сәл алдын ғана қара шаңырағымызға қонақ болған жазушының шығармасын оқуды  жөн санадым. Кітапты ашқанда бірден мазмұнына көз жүгірткен едім, оттай болып басылған « Құпия махаббатын» оқуға бірден кірістім.

Шығарма тілі өте жеңіл. Бір демде оқып тастадым. Әңгіме трагедиялық жанрға жақын десем де болады. Басты кейіпкерлер- Бекен мен Күлдәр.  Бекен- Күлдарға ғашық болған жігіт. Күлдар- Бекенге ғашық бола тұра, ата-анысының қинауымен басқаға тұрмысқа шыққан қыз. Шығарманың басы Бекен мен Күлдәрдің диологынан бастау алған. Автор Күлдәрдің портретін әдемі келтіреді. «… Күлдар ауылдағы ең әдемі деген үш-төрт қыздың бірі еді. Жұқа жаққан бояудай бет қызылы қысы-жазы өзгермейтін адам- бұл ауылда  жалғыз осы Күлдәр. Күлсе, оң жақ бетіне оймақтай шұқыр  пайда болады. Әрі өзгеше, әрі сүйкімді»,-деген  сөз қолданысы Күлдәрді көз алдыма алып келді.Әрімен қарай автор бірден 5-6 жылғы кері шегініс жасаған. Яғни, бір-біріне ғашық болған, алайда сезімдерінің құрбанына айналған екі жастың өткен күндерінен, албырт сезімдерінен сыр шерткен. Ақмақтыққа бой алдырып, сезімдеріне ерік бере алмаған екі жастың махаббаты  оқырманға біраз ой салады. Неге екені белгісіз, Бекен мен Күлдәр бірін-бірі қатты жақсы көрсе де, болашаққа деген жоспарлары жоқтын. Бәлкім, автор түбі қосылмайтын жастардың махаббатын оқырман бірден ұқсын дегендей. Енді оныншыны бітірген жас Бекен мен Күлдәрдің бір түнде қателікке бой алдыруы шығарманың бастан аяғына, яғни  20 жылдан кейінгі өмірлерінің де ең бахытты кезі етіп көрсеткен. Әке-шешесінің қинауымен өзгеге қалыңдық болатынын біле тұра, сүймеген адамына пәк болып барғысы келмеген Күлдәрдің  Бекеннің сезіміне қиянаты, ақыры оны бақытты етпейді. Қанша уақыт өтсе де, тағдыр қайта жолықтырған екі жас бұл жолы бәрін біліп-ұқса да бір-бірінен кетер емес сезімдерінің арқасында Күлдәрдің шығарма басындағы бейкүнә кейіпінен айырып тастағандай. Себебі, күйеудегі келіншектің еріксіз өзгенің құшағына құлай кеткені менің терімді шымырлатты. Қазақтың менталитетіне де, дінімізде де жат қылық болып саналатын бұл әрекетті автор ешбір кедергісіз жеткізген. Шығарма бірден басқа оқиғадан басқа оқиғаға лезде ауысып кетіп отырған.  Осы тұсы көңіліме аса қоныңқырамады. Себебі, оқиғалар байланыссыз қалып жатты.  Мүмкін әңгіме шағын болуы керек деген ой шығар. Шығарманың шиеленісі    ретінде Бекеннің жұмысқа тұрып, дәрежесінің енді көтеріле бастағанында Күлдәрмен қайта кездесіп араларында бұрынғы сезімнің ұшқыны тұтануы. Алайда, осы тұстарда Күлдәрға деген менің көзқарасым жақсы болмады. Шығарманың мені селт еткізген жері Бекеннің жұмыс орнында отырып адам қандай болуы керек, ер азамат ше, қайтсек мықты мемлекетке айналамыз деген терең- философияны да автор ұтымды қолданған. Дегенменде, автор шығарма тек екі жастың махаббатына ғана арналмай осындай да жәйттарды ескере кетейін дегеніндей көрінді. Себебі, Бекеннің ол ойы ары-қарай мүлдем жалғасын таппаған. Тағы да елең ерткізген жері ретінде Күлдәрдің Бекеннен баласы бар болып шыққаны, және араға бақандай 20 жыл салып қойып Бекенге осы жайтты хабарлағаны мүлдем қисынға келмеді. Соңы Күлдәрді емес, ұлын көруге асыққан әкенің де бейнесі қатты ашылмаған сыңайлы. Әке мен бала кездескен кездегі де ішкі сезім мен сыртқы іс әрекеттер үйлеспей жатты. Әдетте, әке мен баланың сезімдерін асыра сілтейтін шығарма оқып үйреніп қалғандықтан шығар, сол бір махаббатты сезіне алмадым. Араға 20 жыл  салып пайда болған балалары мен қауышса да,соңы отбасылы бақытпен аяқталмады. Қазақта бұрын соңды жазылған барлық махаббат дастандарының соңы бақытсыз да баянсыз болып аяқталатыны мәлім емес пе?! Тек Бекеннің ендігі Күлдәрді емес, өзінен бойына аулақ ұстаған ұлын ойлаумен ғана тәмәмдалады.

Жалпы, шығарманың берер тәрбиелік мәні жеткілікті. Адамның қашан да өз жүрек үнін тыңдау керектігі, әйел затының күйеуіне адал бола білу керектігі, пенденің қашанда адмгершіллік қасиеттерге ұмтылу керектігі т.б іліп аларлық тұстар көп.Сонымен қатар, жаман нәрседен жирендіртін жерлері жетеді. Атап айтқанда, қанша  жерден күйдім-сүйдім десең де өмір бойы атыңда күйе болып жағылып тұратын жаман іске бармау керектігін сабақ еткен. Осы шығарманы оқыған жан  әр нәрсе өз уақытымен болса қадірлі болатыныңдығын түсінеді. Авторда да тап қазіргі жастарымыз да соны ұқсыншы деген тілек бардай. Кез келген жазушы өмірден түйгенін жазады. Оны оқырманның көңілінен шықса екен деген оймен асыра сілтемесе керекті. Осы принципті Бәкәң жақсы ұстанған сияқты. Дегенмен де, оқиғалар байланысы мен кейіпкерлердің бейнесін жасауда сәл-пәл қателіктер кеткен сияқты. Жалпы, шығарма берер тәрбиелік мәні жағынан ұнады. Ститлистикасын мүмкін аса ұға қоймадым. Оқып сіз де өз бағаңызды беріңіз!

 

 

Базарбаева Алия Мұхтарқызы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология және әлем тілдері факультеті

Қазақ Филологиясы-202

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*