ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Мен оқыған бір кітап

Ой тоғысқан бір арна

ai_admin 03.05.2018 38 рет қаралды

Ой  тоғысқан  бір арна       

( «Абай жолы» романына, «Құнанбай» фильміне, «Телғара» қойылымына салыстырмалы рецензия)

 

Қодар мен Қамқа дауы, Абай тақырыбындағы жауыр болған мәселе. Ұлы ақынның өмір жолына байланысты  мәдени, әдеби туындыны алып қарасаң осы атасы мен келініне қолданған жазадан  басталады. Тіпті Абай өмірі осы кезден бастау алады  деп ойлап қаласың кейде. Себебі,  Телғараның балалық шағынан бастап, өмірінің соңына дейін баяндалатын Әуезовтың роман – эпопеясы дәл осы  оқиғамен өрбейді.

Жанат Хаджиев пен Серікқан Омардың «Телғарасында» да, Досхан Жолжақсынов пен Таласпек Әсемқұловтың «Құнанбайында» да бұл дау  шет қалмаған. Алайда,   «Құнанбай»  кинокартинасынан гөрі «Телғара» қойылымы романға жақын. Десекте,  екеуінің де сюжеті  Қодар мен Қамқаның аясында дами түседі. Бұл кейінгі дайындалған Абайға қатысты дүниелердің авторларының қатаелігі  деп білемін . Яғни, ешқандай туындыда жаңашылдық байқалмайды, сол әдеттегі, көз көріп, құлақ үйреніп қалған дүниелер.

Негізі қойылымнен көрі фильм сәтті шыққан десем қателескендік емес. Себебі, спектакльда оқиға өте таяз, ал киноны бұл жағынан дәл қойылымдай деп  айтуға келмейді. Әйткенмен , екі туындының идеясы екі түрлі  бірінің мақсаты  Абайдың жас кезін трагедиялық тұрғыда ашу болса , екіншіснің ойы   ақынның әкесі  Құнанбайдың образын халыққа жеткізу.

Мұхтар әуезов  Абай бейнесінің айқын жазылуы үшін Құнанбайдың  бейнесіне сол дәуірдегі би – болыстардың образын жинап қаталдық әкеп қосқан. Оған дәлел Абайтанушы Тұрсын Жтбайдың « Қазақта екі Құнанбай бар. Бірі – өмірде болған, тарихи құжаттар мен естеліктерде айтылған нағыз Құнанбай, бірі – Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы образ — Құнанбай» деген сөзі. Айтқым келіп отырғаны,  «Құнанбай» фильмі нағыз Құнанбайдың образын берсе, «Телғара»  қойылымы роман желісіндегі образ Құнанбайды көрсеті.

Ал,  Абай бейнесі қойылымда айтарлықтай ашыла қомады.Өйткені, актер бұл рөлді сомдауда, қандайда бір елгезектік пен ойыншылдықты көрсетті. Абай жолы бойынша айтылатын он үш жасар баланы фильімде тіпті кішкентай, ал қойылымда  үлкен бала ретінде көрсетті. Яғни осы тұрғыдан алғанда актер таңдауда қандайда бір жас ерекшелігіне байланысты қателіктер анық байқалады.  Тағы романдағы  ерекше мән берілетін образ Абайдың әжесі Зеренің бейнсі. Дәл бұл бейне кинокартинады дәлдікпен, айқындықпен таңдалған деп ойлаймын.   Оған қоса актрисаның  Зере бейнесін ашудағы шеберлігі арқылы  фильм әлдеқайда  ұнамды болды.  Үш туындыда бір – біріне ұқсамайтын элементтер көп, солардың бірі, Қодар мен Қамқа мәселесі.  Қойылымда, тыңшы жіберіп, бақылатып, кейін  нарға асып, жардан лақтырса, романда  тыңшы жіберілмейді,  айыптылар соңғы сөздерін  айтады, кинода тіптен бөлек, ол жерде тергеу жүргізіледі, тек нарға артып өлтіреді.

Жалпы әр автордың айтқысы келген, жеткізгісі келген ойы әр түрлі. Сондықтан,  жандарыңызға жақын, түсінуі оңай дүниені көріңіздер дегім келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*