ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Мен оқыған бір кітап

Бақыттың кілті-жүректе!

ai_admin 03.05.2018 40 рет қаралды

Төлбасы Ляззат Нұржанқызы

Қазақ Филологиясы-202

 

Бақыттың кілті-жүректе!

Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағынан тақырыбы жағынан қызуғышылығымды оята білген « Бекторының қазынасы» атты повесін оқуды ұйғардым. Бастапқыды шығарманың басында айтылып кеткендей, Бекторы атты есімді «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстікке қастандық қылған перінің қызы ойыма оралды. Шығармадағы басты кейіпкердің балалық шағы әжесінің айтып беретін «Ер Төстік» атты ертегісінен басталып, Бекторыны санасына жын-пері ретінде қалыптастырған,жетімдіктің дәмін татқан Қайырболды атты жігіттің өмірін суреттейді.

Жұмысы бар, тапқан-таянғаны қаладан  пәтер жалдауы мен тілеуін тілеп отырған ата-әжесіне жәрдемдесуге жететін. Тамағы тоқ, көшеге киіп шығатын бірсыдырғы киімі де бар.Құдайға шүкір дейтін осы күніне,-деп баяндалған шығармада жігіт тылсымға тап болу жайлы ойламағанды. Жастайынан жоқшылықта көріп өскен, әрбір жапырақ нан санаулы кедейшіліктің салдары жігіттің түпкі ойын шырмаулап,көңіліндегі мазасыз ойлар жанын жегідей жейтін.

Осындай көңілсіз ойлармен арпалысып, күнде көз алдында көріп жүрген бай балдарының өмірлеріне қызыға да, қызғана да қарайтын қызықсыз күндерінің бірі болатын. Өзі жұмыс жасайтын ресторанда үш бойжеткеннің келуі, есеп айырысар кезде ыңғайсыз жағдайға тап болған бойжеткендерге көмек қолын созып, жеткіліксіз ақшаларын төлеп жіберген кез және ризалығы үшін көк жібек көйлек киген сұлу қыздың гаухар орнатылған алтын жүзікті сыйға тартуынан тылсымның басталуы баяндалады. Дүние жүзі бойынша бір-екі жерде ғана кездесетін, бағасы қымбатқа бағаланған алтын жүзікті сату арқылы үйлі болған кейіпкеріміз бұны « маған қонған бақ» деп түсінген болатын. Яғни шығарманың түпкі мақсаты мен айтылар ойы қазіргі таңдағы белең алып жатқан « Бақыттың кілті-ақшада» деген ұстанымдағы пенделер жайын хабардар етеді.

Ары қарай бірнеше айлар бой көрсетпеген сол сұлу қыздың кенеттен қайта пайда болуы, бұл жолы да дәл сол ыңғайсыз жағдайға тап болған үш бойжеткеннің хикаясы мен көмек қолын созған жігіт  сол кездегі оқиғаны қайталап тұрды. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша. Өзі сыйға тартқан алтын жүзіктің қаншаға бағаланғаны мен жігіттің пәтер иесі атанғанын білетін, адам ойын оқи алатын қасиеті барымен қоса, жүзігім ұрланды деп жігітке жала жабу және « мен сені іздеп келдім» деген сескенерліктей ырғақпен айтылған үш ауыз сөз Қайырболдыны шарасыз халге душар қылып, жыламсыраған күйде қыз алдында көмек сұрап, жалбарынғаны айтылады. Дәл осы сәтті күткендей, сені сол үшін іздеп келдім деп өзімен бірге жүруін талап етіп, қыздың үйіне қарай жол тартады. Үйге кіре бергеннен-ақ көз алдында әсем ғимараттың мәрмәр діңгектермен көмкеріліп, көздің жауын аларлықтай сұлулыққа таңқалғанын, ары қарай гиперкеңістік деп аталған бөлмеге кіруінен шығарманың басты идеясы басталады.

Шығармадағы бұл оқиғаларды оқу барысында оқырмандарға жұмбақ болған тылсым кейіпкер кейпіндегі сұлу қыз өзін Бекторы деп таныстырады. Йә,йә санасына пері ретінде қалыптастырған сол Бекторы және бұл жолы ол жігіттің жүрегін өзіне алу үшін келісімшартқа отыруға шақырады. Келісімшарт бойынша жүрегін сыйға тартса, ол жанға бұл дүниеде өзі бақыт деп санаған барлық заттарды алдына алып келеді. Ол арине,  байлық.Гиперкеңістік атты бөлмеде кішкене ғана бөтелкеде сұйықтықтың ішіне салынған жүректер. Бұл жүректердің иелері дүниені жалпағынан басып жүрген, әр жасаған ісіне өзі заң шығарып,мемлекет заңына мүлдем бағынбайтын, өзі қалаған зорлық-зомбылық пен қорлықты жанындағыларға көрсетіп жүрген адам кейпіндегі жауыздар. Бірақ осы болған оқиғаларды өз көзімен көрсе де кейіпкеріміз байлықты таңдайды. Дәл осы сәт мені біраз толғандырды. Автор байлық деген түсінікті өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа кейіпкердің өмірі арқылы суреттеген. Бүгінгі бостандық, бүгінгі азаттық пен еркіндік-ақшада. Бұл байлықтың арқасында туыстық сезімді де, арды да, ұятты да ұмытқан, адамгершілік деген сезімнің бір де бір сәулесі қалмаған адамдар бейнесін көрсету арқылы қазіргі қоғамның басты мәселесін көрсеткен. Адам ойындағы ең басты нәрсе-ол байлық. Дәл қазіргі кездегі қоғамда адамдар бақытты ақшаға теңеп, сол үшін биікке талпынады, тереңге сүңгиді, жан беріп, жан алысады,қатігез,мейірімсіз, тасжүрек тастанды бала кейпінде безеріп, шырылдап жылайды.Қорқаулық пен қараулық, ашкөзділік пен аяусыздық осы кезеңнің символы іспеттес.Адал  жолмен нан табу мен адамгершілік қағидасы көз алдымызды бұлбұл болып ұшып бара жатқанын байқамаймызда. Адамның адамшылығын сездіретін асыл қазына-ол жүрек. Автордың адам түпсанасында тек дүниені,қызылды-жасылды мархабатты аңсайтыны, тілеп-сүйіп жүрген арманы орындалған кезде жаза басып жазаға ұрынатындарын суреттеген деп түсінемін. Шығармадағы басты кейіпкеріміз Бекторыға нағыз адам деген атқа лайық кездегі жүрегін сыйға тартып, мәрмәр тасты жүректі тағуы және сол жүрекпен адам болып аталып қана жүретінін ескертеді. Қазағымыз зұлым адамды «жүрексіз», «жүрегі жоқ екен», жүрегі тастан жаратылған» деп бейнелеген болатын. Сонда ол адамдардың нағыз жүректері байлық атты сөзбен алмастырылған-ды. Адамның жүрегі дүниеге махаббат қылса өледі деген тіркес дәл автор айтқысы келген түпкі ой. Біз оқыған Қайырболды да дәл сол теңеуге лайық адамдар қатарынан орын алған болатын. Бірақ «адамның қалауы емес, Алланың қалауы болады» деп жеткізген автор Қайырболдыны келеңсіз жағдайда ұшырату арқылы есін жинатқызып, адам деген атқа лайық болуы үшін шығарма ойын өзгертеді. Өзінің балалық шағында көрген әділетсіздікті есіне түсіру арқылы кейіпкеріміздің Бекторы перінің алдына баруды дұрыс деп шешеді. Яғни бұл арқылы автор дүниені бірінші орынға қойған адамдар тобырының дер кезінде есін жиып, асыл қазынасы жүректерімен қайта қауышуын автордың ішкі айқайы ретінде көрсетеді. Бұл автордың ішкі қалауы мен өтініші. Ары қарай дәл сол кейіпте жүре берсе, құрдымға кетіп, жоқ болып кететін қауіп екенін көрсетті деп білемін. Автордың қоғамдағы басты мәселені осылай тылсыммен суреттеп жеткізуі мені таңқалдырды. Ойының ұшқырлығы мен теңеу дәл келтіре білген бұл шығарма оқырманға ой салары анық.

Бұл өмірде жамандық пен жақсылық, ақ пен қара, зұлымдық пен мейірімділік, жалған мен ақиқат деген нәрсе жоқ. Оны адамның өзі жарыққа шығарғандығын, сонымен қатар бұл дүниеде бұл нәрсенің барлығын адамның ішкі ойы шешеді, адам баласы нені көргісі келеді соны алады деп жеткізген.Бүгінде біз жамандық, өтірік, жалған деп санайтынымыздың барлығы көне дүниеде тек жақсылықтың,шындық пен ақиқатқа апаратын ізгі жолдар ретінде саналған. Бұның барлығына адамдар кінәлі деп келтірілген бұл шығармада ойыңа нелер келіп,нелер кетпейді. Оқи отырып, адам баласы бай боламын емес бақытты болсам екен деп тілесе, «бақыттың кілті-жүректе» деп, жүректерін дүниедегі зұлымдық атаулыдан алыс ұстаса қоғам өзгерер еді. Адам баласы бұл пәни дүниеге келгеннен бастап, дәл автор қалаған оймен өмір сүрсе, Бекторының қазақ атаулыға келуі мүмкін емес-ті.

« Мен заманымда кедейлікті де, байлықты да көрдім. Басыма нелер кетіп, нелер кетпеді.    Кедей едім. Кедей болсам да көңіліммен бай едім. Бай болдым, бай болсам да-кедей болдым. Ақшасы көп қайыршы болдым. Тастан сарай салдырдым, алтынды уыстап шаштым. Бірақ кеудемдегі жүрегім тас еді. Міне, мен қазір ешкімнен де артық емеспін, кем емеспін. Тіршілігім бір басыма жетеді. Есесіне кеудемде жүрегім бар. Көңілімде адамдарға деген құрмет пен ықылас-пейіл бар…» Бұл автордың өзі еді, шығарманың түпкі мақсаты да осы. Автордың айтар тілегі жүрек деген асыл қазынаны кіршіксіз тазалықта ұстау. Осы айтылған сөзі менің есімде жазылып қалды. Соңғы сөзімді Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген не өзі?» деген өлеңінің соңғы жолымен аяқтағым келеді.

«Үміт үзбей іздейді олар,тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты!»

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*