ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Поэзия

Нұрболат Жолдасбек: «Өткеніме өткенім деп қараймын…»

ai_admin 04.07.2018 41 рет қаралды

Парадокс

Мен бәріне керексізбін, керекпін,

Керектігім керексізге қорекпін.

Мен- Махамбет болар едім,

бірақта Бөлекпін…

Бөлектігім — тым қисынсыз түс көрем,

Түс көруге күнәм шығар күштеген.

Құдай жоқ деп айғайладым, қорықтым

Қорыққаннан У жоқ, сірә, ішпеген.

Қорыққанмын көшелерден қараңғы,

Қатын дедім қабақ шытқан ғаламды.

Жолыққанның жолын кестім, жарадым,

Қолын кестім қол көтерген адамның.

Жер сұрады – жерге бердім, жерледім,

Ел сұрады – елге бердім, өлмедім.

Жалғыздыққа жалғыз бардым, жазғырды,

Жауыздыққа жалғыз досым азғырды,

Ермедім… Кездесуге асыққанмын Алламен,

Кімге жарық болған еді жалған өң?

Қорқау тірлік жабысқан жоқ балаққа,

Қорқақ қыртпен жабылмадым торға мен.

Өткеніме өткенім деп қараймын,

Сау күн іздеп арасынан әр айдың.

Ақынсың деп алдағанмын талайды,

Ақылды боп ішіп кеткем талай күн.

Сосын, сосын сүйгенім бар – Құландық,

Бойында оның бір қылық жоқ ұнарлық.

Біз бақытты бола алмаспыз, — деді де,

Кетіп қалды еркіндігін сыңар ғып.

…Тізе берсем бола қоймас өлшемі,

Тізе берсем көтермеспін еңсені.

Шексіз мұңға алып кетем бір күні,

Шексіз бақыт құшағынан мен сені.

Шексіз сезім аралына мен сені…

Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/24405/

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*