ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Әдебиет әлемі Басты ақпарат

Ф.М. Достоевскийге оралғандағы ойлардан…

ai_admin 04.12.2018 6 рет қаралды

Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали —

       

          Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры.

 

 

Ф.М. Достоевскийге оралғандағы ойлардан…

                                               Қазақ әдебиеті газетінде жарияланды

                                                    ( 2018, №45, 16-қараша. 4-5 бб)

 

     Ф.М. Достоевский шығармалары орыс көркем әдебиетінің  шыңы, тіпті бұлай деу  қаламгер шығармашылығын бағалауда аздық  қылады. Ол — әдебиеттану  ілімінде өзіндік әлем,  адамзат көркем өдебиетінің қол жетпестей  табысы болып бағаланатыны белгілі. Ал бұл пікір — әдебиет пен өнер атаулыға ерекше  ықыласты барша зиялы қауым мойындаған дерек. Әрине, қаламгерлік ізденістерінде талай тамаша  табыстарға қол жеткізген кейбір  өнер қайраткерлерінің Ф.Достоевский феноменін  мойындағысы келмей өзге де пікірлер айтқандары  бар. Бірақ, бұларды философиялық тұрғыда түсінген теріс болмас. Сірә, пенделік психиканың «қара мысықтары», адами  кодекстерді ескермейтін, оған тіпті бой бермейтін мінездердің «қырсық» көріністері ғой деп  қабылдаған   дұрыс-ау деп ойлаймын.

Ф. Достоевский шығармаларымен алғашқы таныстығым тоғызыншы не оныншы  сыныптардан басталды-ау деймін. Әуелі орысша кітаптардан бастадым да шамам келмей аудармаларын іздедім. Бірақ, ауылдық кітапханаларда қайдан болсын. Кейін Әл –Фараби атындағы қазақ университетінің филология факультетінде  оқып жүргенде  «Қылмыс пен жаза» романын оқыдым. Шығарманың бас қаһарманы Раскольников  адам баласының қайғысына ортақтаса алатын, көмек көрсетуге дайын мінез-құлқы бар студент екен. Жолдас , достары оның қабілетін, талантын мойындаған. Бірақ романды  оқи бастағанда бірден көз алдыңа  қылмысқа тәуекел еткен,  сол әрекетті әдейі таңдаған жас жігіттің ауылдағы  кедей туыстарынан көмек, жәрдемдеспек болған тәрізді көрінді. Бұдан әріде қаламгер  қылмысқа барған кейіпкерінің ой-сезімдерін талдай бейнелеу арқылы оқырман ойын бірте-бірте өзгертеді. Осыдан бастап оның ішкі әлеміндегі арпалыстарын суреттеген көріністеріне көшкеннен  шығарманы аттап, асығыс оқуға кірістім де тез аяқтап шықтым. Бірақ роман біреулер айтқандай онша әсер етпеді. Анда санда ол туралы зерттеулерді парақтап көрдім.

Университет бітірер қарсаңда  диплом жазу үстінде  Ұлттық кітапханада орыс бөлімінде оқитын ұлты орыс бір студентпен әңгімелесіп қалдым. Жұмысымның тақырыбын сұрады:

«Әдебиеттің эстетикалық мәні» — дедім.

-Өте қызық әрі аса қиын  тақырып қой, Достоевскийдің оқы, Әсіресе «Ағайынды Қарамазовтарда» эстетикалық әсердің замануи қолданыстарының  бастау  сонда , -деді.

Бірақ, оған жолағым келмеді. «Қылмыс пен жазадан» алған тәжірибем бар. Қаламгердің шығармашылығы  туралы әжептәуір хабарым бар, сол да жетеді деп ойлайдым. Алайда осыдан бастап «Ағайынды Карамазовтар» маза беруді қойды. Түрткілеп есімнен шықпады. Ақыры, көрейінші деп қолға алдым. Амалсыз, өте асығыс оқып шығуға тура келді. 1972 жылдың  басында, сірә, ақпан айында  ғой деймін. Оқып шығып дым түсінбегендей күйде қалғаным  бүгінгідей есімде . Сол баяғы стиль, уақиға көп, тартыс  та жеткілікті, тағы да өлім, енді бұл жолы әке өлімі… Маған романдағы басты мәселе, «Қылмыс пен жаза» ромнындағыдай  көрінді…Бірақ, өзгелігі  де анық алайда терең шығарма… Енді, ара тұра еске түсіп қолым босағанда қараймын.Ойланамын.. Ептеп  терең ойлары  мен  үзінділерін жазып аламын.

Әрі — бері ойланып жүріп осы шығарма туралы жазылған зерттеулерді қарай бастадым. Бұл — әдебиеттануда кеңестік идеологияның шығандап тұрған шағы.  Біздің де ол кезде  басқа  шындықтар бар-ау деп ойламайтын шағымыз.

Дегенмен бара-бара Ф.Достоевский  романының негізгі идеясы, өмірлік мазмұны, басты кейіпкерлер арасындағы күрделі қатынастарды бейнелеуден байқалады екен. Сол пікірлерді оқи отырып олардыңда  шығармашылық шындықтан мүлде алыс тұрғанынаңғара  бастадым..
Көп кешікпей экранға шығарманың негізіндегі көркем фильм  шықты. Екі рет көріп жұмбақ шындыққа жақындағандай болдым. Бірақ, көруден  қабылдаған нақты ойымды айқындамақ болып роман мәтіндеріне қайта үңілгенде бұлыңғыр қала берді…Сонымен, іздегенімді таба алмай, оның ұстіне тағы да  жаңа сұрақтар жамап алған күйде қала бердім.

Тірлікте басқа шаруаларының  да  аз болмайтыны белгілі емес пе, кейін бір асықпай қайта оқырмын деп  бұл жұмбақтарға нүкте қойдым да, күнделікті сабақ, шаруалардың жетегінде кете бардым… Сөйтіп, «Ағайынды Карамазовтар» қала берді.

Аспирантуға қабылданған соң «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы» тақырыбында зерттеу жасау  барысында анда санда Ф.Достоевский туралы ретіне орай   зерттеулерді қарай бастадым. Әсіресе, диалогтары мен кейіпкерлер психологиясына көңіл бөлемін, қазақ прозашыларының қолданыстарымен салыстырмақ боламын.Айырма көп-ақ.Тағы бұл бағыттағы жұмыстарды қоя тура келді.Тоқтала тексеруғе уақыт та жоқ болды, өзім де онша құлшына қоймадым.

Докторлық жұмысымның тақырыбы «ХХ ғасыр басындағы қазақ романы» болды да енді осы жолы «Ағайынды Карамазовтарды» қайта оқу  қажетін сезіп  дұрыстап қолға адым. Бір емес, бірнеше рет оқыдым. Бірақ қаламгер көркемдік — идеялық бағытының  ерекшеліктеріне жете алмадым. Ф.Достоевский туралы арнайы еңбек жазған М.Бахтиннің зерттеулерін де оқыған сайын мәселелер көбеймесе, азаймай –ақ қойды. Бірте бірте өзімнің басты тақырыбымнан ұзай бастағанымды ұқтым да бұл бағыттағы жазбаларды  тағы да тоқтауға тура келді. Әрине мүлде қол үзіп кете алғаным жоқ, ара тұра осы қаламгерде әлде нем қалып қойғандай оралып отыратынмын…Сол жазбаларымның кейбір маңыздыларын осы мақалада пайдаландым..

Қаламгер данышпандығы мен шеберлігіне таңданғаным соншама, өзге бір

 

танымға енгендей болдым. Сондағы бір аңғарғаным – қаламгердің  өмір шындықтарын  сөзбен бейнелеу  шеңберінің мүмкіндігін өлшеусіз  деңгейге жеткізгені. Бұл шығарма  роман жанрының қаншалықты қуатты екенін, мүмкіндігінің молдығын әлемге әйгіледі.

Ф.Достоевский  туындылары көркем романның нағыз дара үлгісі саналады. Сондықтан да  көркем әдебиет туралы ойларда бірден оның ауызға оралары анық.. Бүгіні таңда да көркем әдебиеттің заманауи үлгісі ретінде аталады.Мұны тіпті көркем әдебиет классикасына күмәнмен қарайтын  модернистік, постмодернистік әдебиет өкілдері мен  зерттеушілері де мойындайды.

Бірде «қатал реализм» десе,  кейде «шынайы реализм» аталған,  бейнелеу тәсілін  әдебиет пен өнер үшін дұрыс екенін жазушы талай жақтап жазды. Бұл терминді енгізіп  қолданған қаламгердің өзі болды ма, әлде басқа ма,  … бірақ бүгінгі  әдебиеттануда да ұшырасып қалады. Қаламгер адам жанының көпшілік бойлай бермейтін тереңдеріне жете көңіл аударып, ондағы қабаттасқан ығы-жығы жабайылығы да аз емес сезімдердің, табиға-тына үңіле бейнелейді. Осы сезімдер шарпысуының қаламгердің көптеген шығармаларында  аса талантты  суреттелуі  оқырманды ерекше эстетикалық  әсерге  бөлейді.

1866 жылдардың «Қылмыс пен жаза» романында  замандастарының руха-

ни әлемінде басталған күрделі өзгерістерге жазушытереңдеп барады. Бұл шығарма бір қарағанда «қылмыс» туралы жазылғандай көрінгенмен, кейбір зерттеушілер шығарманы кезінде осылай бағалағанмен,  бүгінгі ғалымдар оны философиялық – писхологиялық роман  ретінде  айтып келеді.

Ол тәуекелге барған қылмыс тақырыбы — өзінің  ой – иделын  іске асыруға бағытталған әрекетінің алғашқы қадамы ғана. Санкт-Петербург тәрізді алып қалада,  мыңдаған адамдардың қайыршылығын, өмірден түңілуін  көрген ақылды, парасатты кейіпкерді мұндай  қарсылыққа әділет  жолындағы күрес идеясы бастайды. Әлемде қашан да байлар мен қайыршылар, кедейлер бар олардың арасындағы алшақтық зор. Қоғамда орнаған  қатал заңдар байлығы барларды қолдайды, қорғайды тіпті кедейлерге жасап отырған зорлығын.т.б. қолдайды. Күзетеді. Ал бейшара жандар сол заңдарға  бағынады, көнеді. Неге заңсыз зорлықтарға бағынады, неге  қарсыласпайды, неге бәріне төзеді?   деп ойлайды бас қарһарман. Осы ойлар оны адамзат тарихына бастайды. Мызғымайтын заңдарға қарсы  әрекет ететін тұлғалар  тарихта болды ғой . Раскольников тарихты таразылап, мысалдар  іздейді.. Мәселен, Мұхаммед пайғамбар   мен Наполеон  тәрізділер.  Бұлар тумысынан тағдырына қарсы тұрды, тарихқа түзетулер жасауға талаптанды.. Бұлар қалыптасқан барша салт-сананы, моральды бұзады. Кезінде замандастары қарсы болса да, кейінгі тарих оларды бағалады.

Романның бас  кейіпкері осындай тағдыр мен тарих жетегіндегі  тұлғалар мен бейшара жандар  тірлігін талдай келе, өзіне басты сұрақтар қояды. «..мен бейшара тірлікте ғұмыр кешетін хайуанмын ба, әлде адаммын ба? Байлар мен күштілер зорлығы үшін ғана шығарылған заңдарға қасыласуға адам ретінде

 

хүқығым бар шығар.. «Мен хайуан емеспін, әділетсіз заңдар алдында діріл қағатын. Мен адаммын. Сондықтан  жүиесіз заңдарға қарсы тұрамын» дегендей толғаныстар толқындарымен күреске  шығады.

Бұл бағыттағы  әрекеттерін дәлелдейтін алғашқы қадамы, өзі ойлап жоспарлаған осы  қылмыс еді. Оның жандүниесін билеген осы  коллизия ше-

шімнен гөрі өзге қайшылықтарда да  көсетті. Мұні сезден бас кейіпкер әреке-

тінің кері әсерлері туралы ойлардан құтыла алмайды. Жазушы кейіпкерін ұзақ толғаныстарға батыратын шешімдердің көркем бейнесін көр-                                                                                                                                   кем мазмұнға көшіре жазады.. Адам қоғамын билеп-төстеген қатыгездік пен қаталдыққа, жауыздыққа  қарсы күресу үшін дәл сондай қатыгездікке бару, адам өлтіру керек пе еді? Бұл шешімді алғашында Жүрек тіліне қарсыласпай-ақ орындаған болса, кейін ойлана қарағанда ақылы, тіпті барлық жан дүниесі қоладамайды екен. Қарсылыққа көшкендей…

Раскольниковтің өз қолымен істеген қылмысты мойындағанға дейінгі аралықтағы арпалысты ойларының негізі қаламгер шығармашылық психологиясының арқауы болды. Шығарма адам тағдырындағы қайыршылық пен жәбірге толы  трагизмнің сан түрлі екенін тұспалдап та, көркем мазмұнға орай да  айтады.  Ол адамдық өмір ар-ұждан мен   салт-сананың  адам жан-дүниесінің сәуле түспес қараңғы түкпірлерін мекендейтін өзінің қара басының  қажетіне ғана сүйенетін жабайы сезімдеріне ғана негізделетін түрлі  тарихта  болатын мәңгілік сұрақ еді. Қаламгер данышпандығы мен шеберлігіне таңданғаным соншама өзге бір танымға енгендей болдым. Сондағы бір аңғарғаным – қаламгердің  өмір шындықтарын  сөзбен бейнелеу  шеңберінің мүмкіндігін өлшеусіз  деңгейге жеткізгені.

Ф.Достевскийдің алғашқы романдары дәстүрлі авантюралық немесе бастық болу жолын іздеген, сол жолда неден болса да тайынбаған жанкештілердің тарихы тәрізді айтыла  да бастаған. Осындай ойлардың бір түрлері әлі де зерттеушілер мен сыншылар тарапынан кездесіп те қалады. Бірақ оның романдарының арқау – қара басының қамы мен бақыты үшін бәріне барған адам әрекеттерін баяндау емес тәрізді, Ол өз ойына  ие бола алмай сезім.., т.б. жағдайлар жетегінен құтыла алмаған ададардың өзімен өзі, өз ойларымен арпалысы тәрізді бейнеленеді. Осыны бейнелеу бағытында  жаузшы шебелігі адам таң қаларлық деңгейге жеткен.

Соның  екінші бір  көріністерін Ф.Достоевский «Ағайынды Карамазовтар» романына көшіреді. Бірақ бұл тарихта да шиелініскен сұрақтар мәмлесін табудың орнына одан де күрделі күйлерді бейнелейді. Бұл жайларды талдау барысында сан-алуан мәңгілік сұрақтарды қозғайтыны соншама, күмәнді көрінген көп ойларын мәтінаралық бөліктерге, анық айта алмаған ойларды күрделі көркем мазмұнға  ысыра салатындай. Әрі бұлар аз да емес. Сондықтан бұл шығарманы оқыған әр саналы, сауатты оқырман мың мәрте қиын болса да тек өзі ғана шешетін ойларға кезігіп,   ғажайып таным-

дық күйге келеді. Қаламгер шеберлігінің құдіретін сезеді.  Соған алып келген қаламгер күрделі сезімдерінің жұмбақ әуездерге толы әуендеріне рахаттанады.

 

Көркем әдебиетті  талғап оқитын, талантты оқырмандардың көбі«Ағайын-

ды Карамазовтар» романын қайта-қайта оқыса да  тереңіне бойлай алмай, әр оқыған сайын мыңдаған ойлар құшағында қалатыны құпия емес. Оның сыры, меніңше, шығармадағы шындықтың тірі адамдар психикасына тереңдеп енген  қаламгер психологиясының  үндестігінде, бұл  тебіреністарде  басымдылық тірі адамдық психиканың өзінен туындайтынында, оның барлық тіршілігі мен ойлауы, сезімдік, әлеуметтік қабылдауы да соған  тәуелді күй кешуіне байланысты болса керек.

Ф.Достоевскийді терең зерттеген  М.Бахтиннің зерттеулерінде осы  құпиялардың болжау бағыттары ғана көрініс табады. Философ — әдебиеттаушының өзі бұл шығарманы асықпай оқу, зерттеу үстінде де «екіде екі — төрт» моделіне сай қорытындыға келе алмаған тәрізді.

Шығарманың оқырманға әсері, әрине сауатты,  зиялы оқырманға,  шексіз деп айтуға болатындай.  «Ағайынды Карамазовтар»  әлеміне енген оқырман одан ұзақ уақыт шыға алмасы анық. Жоғарыда жазғанымыздай, бейсаналау күй кешкен  кейіпкер тірлігінің түсініксіздеу  күйлерін, әрекеттерін  анықтамақ болып, қайта оралып оқыған сайын «ақиқат танымының» алыстайтыны  да ақиқат. Амалсыз ойға батасың, кейде  сол кейіпкерлерді қолдан сомдаған  қаламгердің ойларын көріп тұрғандай  болсаң да жете ал-

майсың. Сезім, ой, әрекеттеінің мың-миллион шешімі қабаттасқан жұмбақ өмірдің  дара бір көрінісін соның өзінен көшіргендей қалыпта бейнелеп отырған қаламгердің  талантына тәнті боласың.

Өкінішке орай, бұгінде «роман жанры ескірді,.. көлемді шығармаларды оқуға оқырманда уақыт жоқ» дегендей «әлаулайларды» көп қайталаймыз. Бұл араға жылдар салып қайта оралған, Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көп қозғалған, айтылған, біраз талданған, сараптаулардың жаңғырығы ғой.   Сол жылдарда «роман жанрына жаңалық керек» деген жаңашылдардың асығыс айтылған, көркем әдебиет даму сырларының байыбына бармаған байбаламдары тәрізді. Бүгінгі әлемдік әдебиеттануда роман жанрының дамуы осыны анық көрсетіп отыр.

Ф.Достоевскийдің бұл романы — «Ағайында Карамазовтары» — әке мен балалар арасындағы қайшылықты ғана емес, адам оміріндегі талай мәнді сұрақтарды үлкен философиялық деңгейге көтере бейнелеген шығарма. Бірте — бірте үдеген әке мен балалар арасындағы  қайшылық әке өліміне  әкеледі. Бірақ тап осыны ғана бөліп алып талдай бастасақ, адам мінез құлқындағы алуан түрлі қулық, әдіс — тәсілдері мол Федор Павловичтің, әкенің,  өмірі мен психологиялық күйі, әлеуметтік драмасының,  хикаясының талайы назардан тыс тұрар еді. Мыңдаған адамдарды алдау  мен қанаудан тез байыған қулығы мол адамның  анда — санда болса да, құдайын есіне алып қоятынына қайран қаласың. Бірақ  бұл қорқыныштың артында ар-ұят болатын, онда өзі себейтін

құдайдың қырсығына ұшыраймын ба деген үрей ғана бар еді. Бірақ бұл  бір кездерде өзіне зорлық көрсеткендердің қылықтарын қайтаруды есінен шығармайтын әкенің есінеуден әріге бармайтыны романда айқын, ашыла бейнеледі.

Балалары есейе келе әкесінің осы тірліктерін, қара басының қамынан басқаны құнттамайтын қулықтары мен мінез қылықтарын ұға бастайды. Құйтырқы тірліктер құйрындағы өзінен басқа ештеңені ойламауы әуелі ренішке бөлесе, бірте бірте қарсыласуға ұласады. Өздерінің ойлары түгіл адам екенін ескермейтін әкенің адамгершілікке  жатпайтын әрекеттері мен ақылға сыймайтын қылықтары жек көру сезімінен кек алу әрекетіне әкеледі.Тіпті балаларының кенжесі, дін бағытындағы  Евангелияшыл  Алешаға дейін оны қүптамайды. Балалардың әкеге деген қарым қатынасындағы ортақ көзқарас — жек көру. Ол романның басты қайшылығы  сан түрлі мәнді мәселелердің үлкен түйініне  айналады. Романның басты идеясы  да,  поэтикасы да осылардың  маңынан өріледі..

Федор Павловичтің ұлкені Дмитрий (Митя) — құштарлыққа бейім, сезім жетегінде көп жүретін адам ретінде қалыптасады да көбіне  сезіміне  ие бола алмай содан зардап шегетін  жан. Сондықтан да  өмір бойы маңындағыларға күш көрсетуге әдеттенген әкемен қарсылықта өседі. Ерекше жек  көреді. Ашу ызасы шегіне жеткен кездерінде оны өлтіруді де ойлайды. Бірақ жем-жемге келгенде ондый әрекетке бара алмайды. Үнемі бас тарта береді..     Екінші баласы Иван – ойшылдығы басым, салқынқанды, атеист,  күмәндануға  бейімдеу. Бұл да өздері туралы мүлде ойламайтын әкесін жек  көреді.Сонымен  бірге ұнемі сезім жетегіне жүріп, қолайсыз жайларға жиі ұшырайтын ағасы Митяны да (Дмитрийді) жаратпайды. Оның да адамгершіліктен алыстау,жеке басының қызығын ғана қаузайтын қимыл-әрекеттерін  қолдамайды, адамгершілікке жата бермейтін қимыл -әрекетерін жек көреді. Екеуі ит-пен мысықтай қырқысып бірін бірі жеп жатса да, теріс көрмейді.

Бірақ шығарма сюжетінің қазығы әке өліміне бұл екеуінің де қатысы болмайды. Оны іске асыратын –Смердяков. Ол – Федор Павловичтің некесіз туған баласы. Ол негізінде  әке өлімін армандайтын Иванның жақтаушысы тәрізді көрініп, бірақ  бұған Митяны жауапты қылатындай себептер табады. Осы  өлімге оның  екі ұлының, Митя мен Иванның да  қатысы барлығын   қаламгер оларға сездіре баяндайды. Өлімін солар дайындағандай… Олар да  кінәларын сезінуден бас тарта алмайды. Менмендігі басым, асау Иван ақылдан адасады,  ал Митя болса, өзінің  адамгершілік түрғысында кінәсі барын да мойындайды

Мұны қаламгер Митяның түсін бейнелеу арқылы жеткізеді. Өртенген село маңында «жылаған аш баласын құшақтап турған шаруа әйелінің  қайғысы Митяның  жүрегін қозғайды. Демек, өзінің берекеті кеткен отбасы  алдында ғана емес, ел алдында да  жауапсыз тіршілігін  ұғады. Тек туыс, жақындары- мен бөтен адамдардың  де тағдырлас екенін ұға бастауы соны меңзейтіндей.

Митяның шынайы ойлары  «Жалындаған жүрек  өсиеті» атты тарауда ашылады.

Заманауи өркениетті адам табиғаты тым күрделі, оның қанында тәттіге

үйір жәндіктер де бар, сондықтан бұл  қайшылықтар адамдарды  жауыздық,

 

жомарттық  немесе  «Мадонна идеалы» мен «Содом иделыл» арсында қалқып жүруге  мәжбүрлейді деген ойларға да әкеледі.  Сондықтан   тығырықтан шығаратын жалғыз жол — көну, өзіңді бақытсыздыққа душар қылар  талпыныстардан, хаос пен қылмысқа әкелетін азап жолынан бас тарту.   «Өзіңді» ғана ойлаудан   құлға айналдыратын,  талпыныстардан аулақ болуды  іздеп  көруге  әрекет жасауға  шақыратындай.

Романда қаламгер өзімшілдігі мол ірі сөзді  интеллигенттің ішкі әлемінің ұсақ түйекке толы бейнесін орта ғасырлық аңыз, миф т.б қолдана отыра  бейнелейді. Оны қаншама тазалағысы келсе де, қолыны келмеген. Ақылды, салқынқанды Иванның осы арнадағы ойларын  қаламгер  «Иван Федоровичтің үрейлері. Шайтан» аталатын тарауларда терең толғамдарға бөлейді. Бұл жалпы, Ф.Достоевский шығармашылығының  шыңы тәрізді. . Өз заманның  писхологиялық талдау туралы  ғылыми зерттеулері нәтижелеріне сүйене отыра суреттелетін ойлардың астарларын бейнелемек болады, дәлірек айтсақ, соған жағдай жасай жол көрсетеді, бағыт сілтейді. Өзі ашық айқындай алмаған ойларды интертехске көшіреді.  Сол арқылы оқырманға сансыз мүмкіндік береді. Әбден тоқырауға  ұшырап, қажыған Иванның  түсінде  сандырақтап айтқандарын бейнелеу арқылы жан дүниесіндегі қозалыстарды жеткізеді. Иван идеалдарының күйреуін, тас-талқан болуын анық түсінген, мойындаған кездегі түсі. Оқырман да Иван  трагедиясын анық сезінеді. Онымен диалогтағы кеңесші –шайтан Иванның ішкі әлемінің жарық түспес қараңғы қуыстарын мекендеп келген  жабайы табиғы сезімдердің жиынтығы. Иван  маңайындағы адамдардан мүлде қол үзсе, оның мұң, мұқтажын, қиыншылықтарын көргісі  келмесе, бір кездегі табиғаты нәзік жан тірі жанда түсінбейтін біреуге айналғаны – осы отбасы трагедиясы.

Осы эпизодта Гете «Фаустындағы» шайтан мен Фауст арасындағы тартысты, даулы әңгімелердің әуендері мен түрлік бағыттағы іздністер бар. Рухани тұрғыда күйреген интеллигент психологиясын талауда, қаламгер символдар тіліне иек артады. Қысқасы, кейіпкер жан-лүниесіндегі «қоқыстардың» бәрін ақтара бейнелейді. Сол арқылы қаламгердің нақты шындықты сезінуі көркем тілге көшіріледі. Өзін ешкімге тәуелді емес, азат санайтын  интеллигент санасының  ішкі әлеміндегі бейшаралықты ашады.

Романдағы Кармазовтардың  әрқайсының даралана бейнеленгі соншама шығармадағы оларға жүктелетін қаламгер ойларының да  ірілігін бірден сезесің. Бұл шығарманы жүгірте тез оқуға мүмкіндік бермейді. Қайта-қайта оралуға, ойлануға  мәжбүр қылады. Сан түрлі іс- әрекеттеріндегі басты түйіндерді білмейінше өзгелерге беттеу қиын. Көркем жүйеден шығып қалғаныңды сезгенде, амалсыз оралуға  мәжбүрлейді.

«Ағайынды Кармазовтар» романындағы басты кейіпкердің бірі — Иван Карамазов. Оның ой, әрекетіне түрткі болған  ірі сұрақтар өзі шешімін іздеуі ешқашан ойынан шықпайды. Құрыла алмаған сұрақтар қанша қуса да ойынан шықпай жанын жегідей жейді.Мұның көбі інісі Алеша екеуі арасын-

дағы диалогтарда  ашылады,  көрсетіледі. Жалпы осы «Аңыз» аталған тарау-

 

романдағы қаламгерлік идеяның шыңы. Осында «Қылмыс пен  жаза» романынан бастау алатын қиын сұрақтар  жалғасатын тәрізді. Кемпірді өлтіргеннен кейін  қатты азаптанатын Раскольников жазықсыз адамды өлтірдім-ау деген кінәлі өкінішінен сәл құтқаратын  жауап таба  алмай,жан дүниесін жегідей жеген ойлармен  арпалысқа түседі. Қылмысын ақтайтын себеп, сылтау жоқтай. Мұны қаламгер романның көркем мазмұнына  ығыстырмақ болғанмен де  сауалды сұлбасы азаймайды,  қайта сұрақтар көбейе түседі екен..

«Ағайынды Карамазовтар» романындағы мына өмірдің жауабы шексіз аса қиын сұрақтарының  жауабы «Aңызға» көшірілетіндей. Бұлар кейінгі  ХХ ғасыр басындағы постмодернистік шығармаларда жиі қолданылатын тәсілдерінің бастауы  тәрізді әсер қалдырады.

Ф. Достоевский осы аңызда тұспалдана көрсетілетін, негізінен көркем маұмұнға жүктейтін ойларын ХҮІ  ғасырға  ығыстыра бейнелейді: Бұл — шіркеу қағидасына күмәнданған, үкімет билігі идеологиясына қарсы сөз, әңгіме айтқан «дінсіздердің» аяусыз қуғынға ұшырап,  қатал жазаға  кесілген кездері. Осындай бір қиын қыстау шақта қалаға Христос келеді. Қиналған бұхара оны құтқарушы келгендей  қуана қарсы алады.

Көріп отырғанымыздай, бұл — Евангелиедегі мазмұн.

… Мұны көрген Инквизитор «елдің тыныштығын бұзғаны, шіркеуді сыйламағаны» үшін Хритосты түрмеге қамауға, таң ата дарға асуға бұйрық береді. Бірақ, түнде түрмеге, Христосқа өзі келеді. Оны не үшін түрмеге қамағанын айтып, таң ата дарға асатынын хабарлайды. Осы шешімге қатысты сұрақтары болса тыңдауға дайын екенін айтады. Христос бұл сұрақтарға үнсіздікпен жауап береді…Бұған Инквизитор таң қалады. Шығармада бұл шешім  аңызды әңгімелеуші Иванның ойы ретінде бейнеленеді. Әрине мұнда қаламгерлік ойлардың да ізі бар… Осыдан кейін инквизитор Христосты түрмеден босатып бостандыққа жібереді. Бірақ  «оған үкімет пен шіркеу тыныштығын базбауды, ақырзаман болса да,  бұхараға. халыққа келмеуді тапсырады…»

Бұл ойлардың өзегіндегі адам баласы үшін дара, алтын ой, идеяларды түсіндіріп, дәйектеп жату артық деп ойлаймын. Христос үнсіздікпен құтылған   жауаптарды,  сірә, біздің де қозғамаған ләзіл ғой…

Ф.Достоевский  өзінің замандастар мен болашақ ұрпақ алдындағы  міндеттері туралы көп ойланған қаламгер. Қатыгез қоғам қайшылығын қалай өзгертуге  болар еді?..- деген тәрізді жол іздегендей. Бұл оның барлық шығармаларында кездеседі .Әрі бұл ойлары уақыт пен кеңістік ахуалына сай өзгерістерге ұшырап та отырған. Алайда шығармашылық ізденістерінің басты  арнасы болған бұл ойларын  қандай қиындықтарға кезікседе іске асыруға ұмтылған. Ал қаламгер жолында қиындықтардың аз болмағаны көпке  мәлім.

 

 

                                         

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*