ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Әдебиет әлемі Жаңалықтар

Қазақстанrrr делегациясы Ислам ынтымақтастық ұйымының СІМ кеңесінің сессиясына қатысады

ai_admin 26.02.2019 34 рет қаралды

Қазақстан делегациясы Абу-Даби қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы сессиясына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифинг барысында мәлімдеді.

«1-2 наурыз аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан делегациясы Абу-Даби қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы сессиясына қатысады. Жоғары деңгейдегі форум жұмысына Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 56 мемлекеттің сыртқы саяси ведомвство басшылары, сондай-ақ Ұйымның 30 институтының бірінші жетекшілері қатысады деп күтілуде», — деді спикер. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жиын барысында қаралатын өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

«Министрлік жиынының күн тәртібі мұсылман әлемінің 40-қа жуық өзекті мәселелерін, оның ішінде, Палестина және араб-израиль қақтығысы, Ауғанстандағы жағдай, Сирия дағдарысы, халықаралық терроризмге және исламофобияға қарсы күрес саласында ұжымдық шаралар қабылдау, дінаралық және ұлтаралық келісімді ілгерілету, қарусыздану, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, Ислам ынтымақтастығы ұйымы-2025: іс-қимыл бағдарламалары, сондай-ақ ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуді қамтиды. Форумға қатысушылардың бекітуіне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға еліміздің елеулі үлесі мен ағымдағы күш-жігерін көрсететін Қазақcтан тарапының 10 қарарының жобалары да ұсынылатын болады», — деді Айбек Смадияров.

Ресми өкіл халықаралық жиындағы еліміздің делегациясының негізгі тақырыбынатап өтті.

«Қазақстан делегациясы баяндамасының негізгі тақырыбы 2016 жылдың сәуір айында Стамбұлда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Исламдық татуласу, Исламдық инфрақұрылымдық бастамасы, сонымен қатар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы атты бастамаларын одан әрі іске асыру мәселелеріне арналатын болады. Бұдан басқа, Қазақстанның мұсылман әлемінің өзінің ғылыми-техникалық, соның ішінде 2017 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің қорытындылары бойынша Қазақстанның бастамалары аясындағы әлеуетін дамытуға күш жігерін жұмылдыру туралы көзқарасы айтылатын болады», — деді СІМ баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, Ислам ынтымақтастығы ұйымының министрлік жиынына қатысуы шеңберінде Бейбіт Атамқұловтың Азия, Африка және Таяу Шығыстағы бірқатар мұсылман мемлекеттері сыртқы саяси мекемелерінің басшыларымен, сондай-ақ Ұйымның және оның институттарының басшылықтарымен екіжақты келіссөздері жоспарланған.

baq.kz

Рахиля Бекназарқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*