ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Жаңалықтар

МЕН СЕНІ КӨП ІЗДЕДІМ , АСЫЛ БАБАМ!

ai_admin 26.02.2019 11 рет қаралды

МЕН СЕНІ КӨП ІЗДЕДІМ , АСЫЛ БАБАМ!

Ұлыларды ұлықтау қашанда ізгі іс. Бабалар мұрасын зерттеу болашақ ұрпақ, мына біздің міндетіміз, борышымыз! Дəл осы мақсатта Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология және әлем тілдері факультетінің ҚТӘ-104 тобының ұйымдастыруымен, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қозыбақова Фатима Ақынбаевнаның жетекшілігімен түркі халықтарының көрнекті өкілі, түркі мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан орта ғасырлық ақын, ойшыл Жүсіп Баласағұнның еңбектерін дәріптеп, «Жүсіп Баласағұн мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Ғылыми конференцияда студенттер Ж.Баласағұн ғұмырнамасына арналған ғылыми реферат қорғап, күні бүгінге дейін адамзат тарихында өшпес із қалдырған ойшылдың асыл мұраларын, ғалым атына берілген мәдени орындарымен көрермендерді таныстырып, «Мен сені көп іздедім, асыл бабам!» тақырыбында қойылым қойды. Есімі әлемдік әдебиет пен мәдениетте «Құтты білік» дастаны арқылы қалған ұлы тұлғаның асыл мұраларын ардақтау мақсатында өткізілген ғылыми конференция жоғары деңгейде өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*