ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Әдебиет әлемі Жаңалықтар

Асқақтаған Алатаумен дидарласқан Қара шаңырақ

ai_admin 10.03.2019 45 рет қаралды

Шаймуратова Гүлжан

Қазақ филологиясы – 301

 

Асқақтаған Алатаумен дидарласқан Қара шаңырақ

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дегендей армансыз адам болмайтыны анық. Менің де алға қойған армандарымның бірі Жоғары оқу орнына түсу болатын. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында жүріп арман еткен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде грантта білім алудамын. Осынау күнге қанатымның талмай жетуі ардақты ата-анам мен ұлағатты ұстаздарымның еңбектерінің жемісі деп білемін. Менің таңдауым болған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – жаңа заман талаптарына сай, жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар жүзеге асатын ғылыми білім беру және иновациялық ірі орталық. 85 жылдық тарихы бар ҚазҰУ жайлы сөз өрбітетін болсақ, ойға ең алдымен оралатыны Қара шаңырақтың қабырғасында дәріс оқыған ғылым мен мәдениет қайраткерлері. Атап айтатын болсақ, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский сынды ғалымдарымыз.

ҚазҰУ – білім беру жүйесіндегі көшбасшы. ҚазҰУ – жарқын болашақ бағдаршысы. Бұлай айтуымыздың бірден-бір себебі, сонау 1934 жылы негізі қаланғаннан бастап талай асулар мен күрделі кезеңдерді өткере отырып, тек жарқын болашаққа бастау алды. Қазіргі күнге дейін сан мыңдаған жастар осы оқу орнынан білім алып, қияға қанат қақты. Жастардың ұлттық тарих пен әдебиет, экономика мен мәдениет, математика, физика, химия, басқа да жаратылыстану салаларындағы көптеген ғылыми зерттеулері осы университет қабырғасында жүзеге асырылып, қазіргі таңда ел игілігіне айналып отыр.

Сапалы білім, әсем табиғат, нағыз достық, биік белестер, жаңа мақсаттар– осының барлығы ҚазҰУ қалашығында өзіндік үйлесім тауып жатады. Бүгінгі таңда оқу ордамыз білікті мамандарды барынша қолдап, оларды даярлауды қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық инфрақұрылымға ие зияткерлік корпорациясы болып табылады. Мұның дәлелі ретінде университет қалашығында кездесетін факультет ғимараттарымен қатар Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, Әл-Фараби кітапханасы, жастар интернет орталығы, «Ай-тұмар» қоғамдық тамақтандыру комбинаты, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, спорттық-сауықтыру кешені, студенттер үйі және жақында салтанатты түрде ашылған Д.Баландин атындағы жүзу бассейні сынды нысандарды айтуымызға болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев университет жайлы өз сөзінде: «Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады» — деп өз бағасын берген болатын.

Аталмыш білім кемесінде оқу – көп жастардың арманы. Мен де өз арманымды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ұштастырдым және мұндағы білім беру сапасының жоғары болатынына кәміл сенемін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*