ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

ai_admin 19.03.2019 36 рет қаралды

Күн мен түн теңелген,
Жер шуаққа кеңелген,
Наурыз келді әлемге!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы  мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймыз!

Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*