ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Керек кеңес

Наурызкөжені қалай жасаймыз?

ai_admin 19.03.2019 25 рет қаралды

Наурыз мерекесін наурызкөжесіз елестету мүмкін емес. Наурызкөже — қазақтың ұлттық тағамы. Наурызкөжені 7 түрлі дәмнен дайындайды. Олай болса, осы жеті түрлі тағамға жеке-жеке тоқталып, көженің қалай жасалатынын сөз етейік.

1. Су. Наурызкөженің ең негізгі компоненті су болып табылады. Бұл өмір – өзен. Келешек ұрпақ өрбіп, судай тасып, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді.

2. Ет. Қазақтың сүйіп жейтін тағамдарының бірі осы – ет. Қазақ дастарханының сәнін келтіретін бұл ет ас мол болсын деген ырыммен қосылады. Әдетте “ұзынсарыға” сақталатын сүр ет пайдаланылады.

3. Арпа. Ежелгі шығыс емшілері арпаның емдік қасиеттері туралы көп айтады. Білетіндердің айтуынша, арпаны тағам ретінде жиі пайдаланатып адамдардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері арпаны “ғажап құтты дән” деп атайтын көрінеді. Арпаның емдік қасиетінен бөлек, тойымдылығы да бағаланады.

4. Дәнді дақылдар (тары, күріш). Наурызкөжеге, сонымен қатар, дәнді дақылдар да қосылады. Мұның негізінде бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

5. Ақ. Қазақ ақты ежелден қасиетті деп есептеп, бағалаған. Сол себепті наурызкөжеге сүт немесе айран қосылады. Мұның негізінде сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр.

6. Құрт. Құрт наурызкөженің дәмін келтіріп, сән береді.

7. Тұз. Наурызкөжеге дәм беретін тұз соңғы, жетінші тағам ретінде қосылады.

Олай болса қалай жасалатынына тоқталайық! 

Құрамы:

— ет, қазы-қарта, жал-жая;

— су; — тұз;

— айран-1 стақан;

— тары-100 гр;

— күріш-100 гр;

— құрт.

Етті жуып, қазанға суға саламыз. Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз. Ет піскенде сорпаның тұзын тексеріп, қажет болса, тұздаймыз. Күріш пен тарыны қосып, пісіреміз. Көже дайын. Құртты суға ерітіп, малта жасап көжеге қосамыз. Айранды да солай.

Наурыз көже дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*