ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Поэзия

НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА. МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

ai_admin 19.03.2019 9 рет қаралды

Наурыз айы туғанда, 
Той болушы еді бұл маңда. 
Сақталушы еді сыбаға, 
Сапарға кеткен ұлдарға, 
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күн игі! 
Күні игі жердің — түрі игі. 
Бауыры жылып науат-қар, 
Бабымен ғана жібиді. 
Шашылып ырыс шанақтан, 
Шақырып бір үй бір үйді, 
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге, 
Наурыз айы келгенде, 
Наурыз тойын бергенде, 
Көрмегендер де — арманда, 
Арманда — оны көрген де. 
Келіп ем өмір — орманға, 
Наурыз айы келгенде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*