ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Раййан нұры

Айша анамыздың (р.а.) тақуалығы

ai_admin 19.03.2019 20 рет қаралды

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Айшаға (р.а.) деген махаббат сезімі ерекше болған. Өйткені Алла Елшісінен  (с.ғ.с.) кімді бәрінен артық сүйесің деп сұрағанда, ол (с.ғ.с.): «Айшаны», — деп жауап бергені келтірілген.

Айша (р.а.) анамыз Ислам құқығын жақсы білген, тіпті ұлы сахабалардың өздері осы саладағы қиындықтарының шешімін табу үшін оның көмегіне жүгінетін болатын.

Жәбірейілдің өзі Айша анамызбен (р.а.): «Әс-Сәләм әлейкум», — деп амандасатын болған.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) Айша анамыздың Жұмақтағы әйелі болатынын айтқан.

Екі жүзділер оны қаралағанда, Алла Тағаланың Өзі оны осы жала жабудан тазартып, Құран аяттарын түсіріп, оның кінәлі еместігін дәлелдеген.

Және Ибн Саад (р.а.)  бір күні Айша анамыздың (р.а.) Алланың оған берген он құндылығын атап өткен, бойындағы осы қасиеттерімен Айша анамыз (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) басқа әйелдерінен басым түскен.

Айша анамыз (р.а.) қолындағы бар дүниелерін Алла жолында ынталана жұмсайтын, бірақ  бойындағы барлық құндылықтарына қарамастан, өз жүрегіне Алла алдындағы үлкен қорқынышын ұялатқан және маңайындағы адамдар оның жиі былай айтып жүретіндігін еститін:

«Алланы үнемі есіне алатын ағаш болғанымда ғой, Қиямет күні зардабын тартпас едім…».

«Тас немесе жердің бір түйірі болғанымда ғой…».

«Ағаштың жапырағы немесе жердегі шөп болғанымда ғой…».

Айша анамыздан Алла Тағала разы болғай!

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*