ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Ай-Ару Сәні

Стиль – өзіңнің кім екеніңді аузыңды ашпай-ақ айту

ai_admin 14.04.2019 17 рет қаралды

        Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы – 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылды.

      Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты дизайнерлеріміз де жетерлік. Олардың ішінде Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен ZhaZira — ны ерекше атап өтуге болады.

      Костюм (франц. сostume – «киім – кешек») – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, сословияның тұрақты киім үлгісі. Костюм әр дәуірдің эстетикалық идеалын көрсетеді. «Силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктермен таныстыру.

      Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.

      Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (белсызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).

      Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы.

      Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.

      Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді.

Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

     Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы(демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).

     Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухын бейнелейді.   

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*