ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Әдебиет әлемі Басты ақпарат

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

ai_admin 14.04.2019 3 рет қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні бір топ ақын, жазушыларға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018) берілді. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі санында хабарланды. 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген:

2017 жылдың иегерлері

Ғұсман Жандыбаевқа «Арман ауыл» өлеңдер жинағына;

Нұрдәулет Ақышқа «Рақымсыз көктем» әңгімелер жинағына;

Сайлаубай Жұбатырұлына «Абыржы»  3 томдық шығармалар жинағына;

Қайсар Әлімге «Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа» хикаят сапарнамасына;

Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына;

Мира Шүйіншалиеваға «Ар азабы» пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін;

Дәулеткерей Кәпұлына «Терісбұрау» өлеңдер жинағына;

Мырзан Кенжебайға «Өттің дүние» өлеңдер жинағына;

Сайлаубай Тойлыбаевқа  «Сарноқай саздары» жинағына;

2018 жылдың иегерлері:

Нармахан Бегалиевке «Жаз — жалбыз» өлеңдер жинағына;

Байбота Қошым-Ноғайға «Жұмақ нұры» өлеңдер жинағы;

Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына;

Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына;

Дәурен Қуатқа «Бөрісоқпақ» әңгімелер жинағына;

Өмірзақ Қажымғалиевке «Жаңғырық» трилогиясы үшін;

Мінуар Әкімхановқа «Көңілге тұнған көп сурет» өлеңдер жинағына;

Патигүл Мақсатоваға Патям «Хар пәсилнин гузаллиги бар» өлеңдер жинағына;

Әмина Құрманғлиқызына «Әулет пен нәубет»  шығармалар жинағына;

Серікбай Оспановқа «Алқоңыр» өлеңдер жинағына берілді.

Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы 1992 жылдан бастап беріліп келеді.

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*