ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Керек кеңес

ДИЕТАНЫҢ БЕС СЫРЫ

ai_admin 14.04.2019 2 рет қаралды

Сіз артық салмақтан құтылғыңыз келеді, бірақ қандай тамақтардан тежеліп, қандай тамақтарды қолдану керектігін білмейсіз. Қазіргі дамыған заманда артық салмақтан құтылудың жолдары жайлы ақпараттар өте көп. Соның өзіңізге керектісін алып, керексізін елемеу де оңай емес.
Сондықтан сіздерге ең көп таларған пайдалы ақпараттармен бөлісуді жөн көрдік. Нәтиже болу үшін барынша тырысуыңыз керек, бәрі өз қолыңызда екендігін естен шығармаңыз.

1. Егер Сіз тұтынатын калория мөлшерін азайтуға көңіл бөлсеңіз, бірнеше килограмнан арылу еш қиынға соқпайды. Калорияны санау – бұл диетологтар әлеміндегі ұғым. Сондықтан бұл кейде артық мәселеге алып әкеліп соғуы да мүмкін. Сіз бастысы мінсіз дене бітіміне алып келетін кілт ол калориялардың саны емес, сіз тұтынатын өнімнің құрамындағы пайдалы минералдар екендігін ұғынуға тиіссіз. Калорияны есептеп уақыт өткізгенше өзініздің тағамдарыңыздың арасынан зиянды тағамдарды, фаст фудты да алып тастаңыз. Көбінесе табиғи тағамдар мен жеміс жидек, көкеністерді қолдануға көшіңіз.

2. Майлы тамақ жесеңіз, артық салмақ тез жиналады. Сіздің теріңіз қышып, құрғақтанып, шашыңыз түсіп, есте сақтау қабілетіңіз нашарлаған кездер болды ма? Мұның  барлығы сіздің тағамдарыңыздың құрамында майдың жетіспейтіндігінің айғағы. Адамның организмі майлы мминералдарға мұқтаж, егер жетіспеген жағдайда иммунитет түсіп кетеді. Сондықтан табиғи майға толы өнімдерді жиі қолданыңыз, әсіресе Омега 3, диета үшін таптырмас өнім болып табылады. Балық майы, кокос майы сынды пайдалы майларды түтынып жүргендігіңізге көз жеткізгейсіз.

3. Сарымайдан гөрі маргарин майы артық. Маргариннің құрамы аса қатты майлы емес, сондықтан оны сарымайға қарағанда пайдалы деп есептейді. Алайда ол қолдан жасалған өнім, табиғи тағам емес, өкінішке орай. Құрамы химиялық заттарға толы болғандықтан адамзаттың денсаулығына зияны да бар. Сондықтан оның орнына зәйтүн немесе кокос майын қолдануға кеңес береміз.

4. Диеталық сусындар — мұзды сусындарға пайдалы балама. Сондықтан адамның денсаулығына зиянды есептеледі. Бұл токсиндер мидың жұмыс істеуіне кедергі жасап, салмақтың да артуына әсер етеді.

5. Майлығы төмен немесе мүлдем майсыз тағамдар таптырмас өнім! Маркетолог мамандары майсыз немесе майлығы аз тағамдардың сіздің денсаулығына пайдалы әрі артық салмақтан арылуға ықпал ететіндігіне сендіргілері келеді. Алайда тамақтану қорынан майды  алып тастасақ дәмсәз болып қалуы мүмкін. Сол себепті оның орнына қант немесе бояғыштар қосып жатады. Сондықтан сатып алынған таағамдардан бас тартып, табиғи өнім қолдануға шақырамыз!

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*