ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Поэзия

ИСЛАМ ҚОСЖАН

ai_admin 14.04.2019 17 рет қаралды

Шықтың тамуы

Қараша үй.
Жалған-дүр…
Ай — заманның өрнегі.
“Күн — көсемнің” ордені,
Суретте төрдегі.
Қозғалады баяу ғана түн демі,
Қарт қарайды Теңіз жаққа,
Сәл көтеріп іргелікті- іргені.
Шық тауында,
Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді, айтқан сөз.
Уақытпенен жылжып аққан жалғыз үй,
Естіледі  алабайдың үргені.
Шалдар айтса кешегіні,
Біледі.
Суын айғыр…
Теңіз кешіп,
Ақ тұманнан шығады,
Көк тұманға кіреді.
Теңіз бетте үйір жылқы жүр еді,
Рас шығар кім, біледі ?!
Осы шал ғой…
Аппақ таңды кірпігіне іледі,
Орындалса тілегі!

 

Есті жоғалту

 

Көктем де!
Шығарып мың қылық,
Бір шындық, бір күдік.
Жұпар исімен,
Тұр күліп.
Аталық  Дәуіт де…
Үлгірмей,
Оранып мүлде мен бүлдеге,
Бір сәттік некені сүйеді,
Қарсылық білдірмей,
Ризалық білдіріп,
Еркімен мойынын иеді.
Сосын ол,
Мізбақпай тұрады,
Ене  Дәуітке басын жұлдырып…
Сәулелер…
Алдынан шыққанды итеріп,
Шытырлап өзі өзінен,
Бір сөніп,
Бір жанады,
(Кім білсін,
Жатыр ма ішінде ит өліп?!.)
Түнді де отын ғып жағады.
Атқан оқ секілді от шашып көзінен,
Жерге  нұр тамады.
Жарықтың мойнына асылып,
Түн кетіп барады!..

 

Өткен шақ

 

Тосыннан келген,
Құштарлық деген,
Тіліңді байлар.
Тылсымнан бір күш ой бөгейді.
Басыңда тұрған  ойлар,
Неге екен сөйлемейді?..
Бір төмен,
Бірде жоғары,
Бір сөндік,
Бір жандық,
Әйтеуір кетіп барады,
Жарығы жоқ жылдамдық.
Өткен күн,
Сен мені жек көрме,
Өмір-өлшенеді өткен шақпенен.
Сосын…
Жерлеп кетесің дәптерге,
Жатыр деп,
Осында ақ өлең!

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*