ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Жаңалықтар

Халықаралық корей тілінен шешендік өнер сайысы…

ai_admin 20.05.2019 5 рет қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан  Халықаралық корей тілінен шешендік өнер сайысы биыл да Оңтүстік Кореяның Ханъянг және Намсеул университетінің қатысуымен  ерекше аталып өтті.

Сайыстың бірінші кезеңіне Корея университеттерінің қонақтары сарапшы болып, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан студенттерінің жазба жұмыстары қабылданды. Ал екінші кезеңге  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың студенттері өтті.

Сайысқа  қатысушылар өздерін мазалап, тебірентіп жүрген сұрақтар төңірегінде ойларын жеткізіп, шешендік қабілеті мен тыңдаушыларды көндіре білу өнерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. «Мен неге корей тілін таңдадым?», «Кореяға алғаш сапарым», «Корея медицинасы және мен», «К-рор» сияқты әртүрлі тақырыптарда сөз сөйлеп өз ойларын жеткізді.

Қазылар алқасы құрамында Намсеул университетінің халықаралық қатынастар департаментінің директоры Юн Тэ Хун профессор, осы департаменттің менеджері Чхве Ин Ук мырза, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Мен Д.В. және аға оқытушылары Чанг Бен Сунг, Мионг Сун Ок болды.

Қатысушылардың шешендік өнерін бағалауда тақырыптың мазмұны, өзектілігі, сөйлеудің логико-композициялық үйлесімділігі, тұлғалық қыры, шешендік қасиеттерді көрсете білуі және де  аудиториямен қарым-қатынас орната білуі, сөз саптауы мен  шеберлігі ескерілді.

Аталмыш сайыста  1 орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «Шығыстану» мамандығының  2 курс студенті  Бакумбайқызы Аружан иеленсе,  2 орынды  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2 курс студенті Анель Тоқтарбекова алды, ал 3-ші және 4-ші  орын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аударма ісі» мамандығының 2-4 курс студенттері  Ұлжан Алимжанова мен Аружан Серикқанға  бұйырды. Сонымен қатар, қазылар алқасының арнайы сыйлығына   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Гүлімбибі Қайырлиева ие болды.

Жеңімпаздарды профессор Юн Тэ Хун 1-орын алған жеңімпазды Ханъян университетінің магистратура оқуына  ал  2, 3, 4 орындарға Намсеул университетінде 1 жылдық білім алу жолдамасымен марапаттады.

Кафедра студенттерін жетістіктерімен құттықтаймыз!

www.kaznu.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*