«Қазақстан: заманауи әлем және дәстүрлер» атты халықаралық жазғы мектебінің жұмысы аяқталды.

Бағдарлама концепциясы – қазақ мәдениеті ерекшеліктерін оның тарихи даму үдерісінде танысып, зерттеп, Қазақстан және Болгария елдері арасында академиялық, ғылыми, мәдени байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында оңтайлы орта қалыптастыру арқылы Қазақстан және қазақ мәдениеті туралы жағымды имидж қалыптастыру.

Жазғы мектепті ашқан профессор Алия Масалимова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың QS-ғы орны, QS Stars халықаралық университеттер рейтингілері, «Академиялық ықпал» БҰҰ бағдарламасы бойынша жетістіктер, «Al-Farabi smart university», «Университет 4.0» концепциялары, «Қайырымды қала азаматтарын қалыптастыру», «Рухани жаңғыру» жобаларының халықаралық деңгейде орындалу барысымен таныстырды. Кездесуде география және табиғат пайдалану факультеті деканы, профессор Виталий Сальников, биология және биотехнология факультеті деканы Заядан Болатхан және факульттердің ғылыми-инновациялық қызмет, халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасарлары, философия және саясаттану факультетінің оқытушылары мен қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттар қатысты.

Жазғы мектеп шеңберінде 21 мамырда “Europe and Asia: Cultural Diplomacy and Geopolitics of the EU” қос дипломдық бағдарлама бойынша магистранттарың диссертациялық жұмыстары қорғалды.

Халықаралық жазғы мектеп тыңдаушыларына «Ұлы дала аңыздары» балеті, Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінде тәжірибелік-сынып, Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде Қазақ ұлттық аспаптар демонстрациясы, А. Қастеев атындағы бейнелеу өнер мұражайында интерактивті шаралар, «Ғұндар» этноауылы, Шарын шатқалы, Алматы және Алматы облысы бойынша тарихи және архитектуралық ескерткіштерге саяхат жасау бағдарламасы ұйымдастырылған. Аталған жазғы мектеп жұмысы 23 мамырға дейін жалғасын тапты.

www.kaznu.kz