ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Керек кеңес

Жапондық тері күтімі: 5 лайфхак

ai_admin 03.06.2019 13 рет қаралды

Жапония қыздары бет терісіне ерекше күтім жасайды, себебі олар бет терісі – кез келген қыздың визит картасы деп санайды. Жапондық бет терісі күтімін ұсынамыз.

1. Олар бет терісін арнайы майлармен тазартады. Макияжды кетіру үшін гельмен немесе көбікпен ысқылап жууға болмайды. Олар макияж бен ластықты бетке зиянсыз кетіретін құрал  пайдаланады. Гидрофильді май қоректі және дәруменді компоненттердің нағыз көзі деп саналады.

2. Пробиотигі бар косметика – мінсіз тері құпиясы. Жапондар тері жағдайы ішектер микрофлорасына тікелей қатысты екеніне сенімді болғандықтан, пробиотиктерді уақытылы тамақ, арнайы қосымшалар және таблеткалар ретінде қолданады.

3. Жапондық әйелдердің күнге күймейтіндігін байқадыңыз ба? Иә, олар шынымен де күннен қорғанып жүреді. Олар қорғанышы жоғары күннен қорғайтын құралдар қолданады, кең жиекті қалпақ киеді, қолшатыр ұстайды және жеңі ұзын киім киеді.

4. Ең жақсы крем, іріткі немесе гельді теріге дұрыс жақпаса, олар әсерін бермейді. Жапондықтар теріні косметикалық құралдармен уқаламайды, олар саусақ ұшымен жайлап ұру арқылы жағады. Бұл әдіс теріге капиллярлық қанның келуіне көмектеседі және қалпына келу мен жасарудың табиғи процестерін күшейтеді.

5. Олар ылғалдандырушы лосьондар қолданады. Жапониядағы қыздардың көпшілігі арнайы сулы лосьон қолданады. Ол тазартылған теріге массаждық қозғалыспен жағылады. Ол теріні қарқынды ылғалдандырады.

https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/53633/

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*