ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Әдебиет әлемі

«Жастықтың оты жалындап…» мүшәйрасы жарияланды

ai_admin 03.06.2019 9 рет қаралды

Жақында Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл ел өміріндегі тарихи оқиға болды. Жаһандану дәуірінде Қазақстанның жарқын болашағы жалынды жастарға үлкен жол ашылмақ. Азаттық аясында туып, жас мемлекетіміздің жаңа Астанасымен қатар қанат жайып өсіп келе жатқан бүгінгі жастардың рухы биік, арманы асқақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – дегендей, іргесін бекітіп, әлемге танылып отырған біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны тіптен бөлек. 

«Жастар жылы» аясында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі республикалық ақындар мүшәйрасын жариялады. Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындарын аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынады.

Мүшәйра тақырыбы «Жастықтың оты жалындап…». Хәкім Абай сөзін алға тартып отырмыз. Жастар – қай заманда болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

– деп кеше Мағжан жырлаған жастар бүгінде әдебиет әлемінде өзіндік өрнегін салып, қалыптасып келеді. Жастар жылы аясында, талантты жастарды қолдауды өзімізге мақсат етті.

Мүшәйраға еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындары қатысты. 

Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы дала төсінде мәңгілік ел болуға қадам басқан қазақ елінің бүгінгі жарқын келбетін, ертеңгі ұрпақ мұратымен ұштастыра жырлау ақындардың өз шабытына байланысты.

Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер  қабылданды.

Мүшайра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланады.

adebiportal.kz

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*