ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Раййан нұры

Дос көңілі

ai_admin 12.01.2020 6 рет қаралды

      Екі дос сахарада сапар шегіп келе жатып әлденеге келісе алмай, сөз тартысып қалады. Бірі ашуланып екіншісінің бетінен салып қалады. Таяқ жеген досы ауырсынғанына қарамастан жақ ашпайды. Сосын қолына таяқ алып құм бетіне: «Бүгін менің жан досым бетімнен ұрды» — деп жазады. Содан соң сапарларын ары қарай жалғастырады. Көп ұзамай алдарынан үлкен көл кездеседі. Екеуі суға түсіп, салқындап алуға бекінеді. Суға түскені сол-ақ екен соққы жеген жігіт аяғына балдыр оратылып, тұншыға бастайды. Серігі жалма-жан көмекке ұмтылып, әрең дегенде оны құтқарып қалады. Бір ажалдан аман қалған жігіт өз-өзіне келгесін орнынан тұрып, тасқа ойып (қашап) мынадай сөздер жазады: «Бүгін менің жан досым өмірімді аман алып қалды». Жолдасының ісіне аздап таңырқаған досы: «Алғашында құмға жазып едің, ендігі істі тасқа жазып жатырсың. Мұны қалай түсіндік?» — деп сұрайды. Сонда оған: «Бізге біреу зиян тигізсе істеген ісін құмға жазуымыз керек. Кешірім желі суырып, оны өшіріп жіберуге жеңіл болады. Ал біреу бізге жақсылық жасаса оны тасқа жазғанымыз ләзім. Қандай дауыл, борандар болса да, оны ешқашан өшіре алмайды» — деген екен ақылды дос.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*