ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Жаңалықтар

ҚАЗҰУ QS-ТЕ АЛҒА ЖЫЛЖУДА

ai_admin 09.03.2020 10 рет қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша көрсеткіштерін жақсартып позицияларын күшейтті.  

QS «WUR by Subject 2020» рейтингісінде бес пән бойынша әлемнің 1200-ден астам университеті қарастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда ҚазҰУ «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандығы бойынша өз көрсеткіштерін жақсартып, 339 орыннан 277-ге көтеріліп, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» мамандығы бойынша 351 орынға ие болды.

«Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша университет әлемнің ең үздік 51-100 жоғары оқу орындарының тобына, «Лингвистика» бойынша 201-250, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» және «Құқықтану» бойынша 251-300 тобына кірді. Сонымен қатар аталмыш рейтингке алғаш рет «Математика» (топ 351-400), «Экономика және эконометрика» (451-500), «Физика және астрономия» (551-600) мамандықтары енді.

Рейтинг әдіснамасы төрт негізгі көрсеткіштер: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалалардың дәйексөзділігі және Хирш индексі негізінде құрылады. QS «WUR by Subject 2020» 95 мыңнан астам оқытушының, 45 мың жұмыс берушінің пікірін, сондай-ақ «Scopus» деректер қорынан алынған мәліметтерді ескере отырып жасалды.

ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік рейтингтерде табысты алға жылжып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2019 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижесі бойынша жетекші қазақстандық университет әлемнің үздік ЖОО тізімінде 207 орынға ие болды.  ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді.

www.kaznu.kz

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*