ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Керек кеңес

8 наурыз мерекесінің тарихын біле жүрейік

ai_admin 09.03.2020 13 рет қаралды

Жыл сайын әлемнің бірнеше елінде наурыздың сегізінші жұлдызы  Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтеді

Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі. Көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірінде еркек кіндіктілер нәзік жандарға гүл сыйлап, ерекше құрметке бөлеп, жылы сөздерін арнайды. Бірақ, мерекені дүбірлетіп атап өтсе де, осы күннің шығу тарихын біреу білсе, біреу білмейді.

Халықаралық әйелдер күнінің тарихы

Бүл күннің тарихы сонау 1857 жылдан басталады. Дәл осы жылы 8 наурызда Нью-Йоркте тоқыма фабрикаларының жұмысшы әйелдері бас көтеріп, шеруге шығады. Наразылық акциясын бастаған әйелдер 10 сағаттық жұмыс күнін, жалақыны ерлердің айлығымен теңестіруді талап етіп, өз құқықтары үшін алғаш рет көшеге шығып күрескен еді. Жұмысшы әйелдердің жанайқайынан кейін алғашқы әйелдер кәсіподағы құрылды.

Жарты ғасыр өткен соң, 1908 жылы ақпанның соңында Нью-Йоркте социал-демократиялық әйелдер ұйымының үндеуімен 15 мыңға тарта әйел митингке шығады. Олардың басты талабы – еңбек саласында ерлер мен әйелдердің құқығын теңестіру, яғни, жұмыс күнін қысқартып, әйелдердің жалақысын көтеру, сондай-ақ нәзік жандарға сайлауда дауыс беру құқығын беру. 1909 жылы Американың Социалистік партиясы ұлттық әйелдер күнін жариялайды. Бұл күн 1913 жылға дейін ақпанның әр соңғы жексенбісінде мерекеленді.

Кейінірек, 1910 жылы Копенгагенде екінші Халықаралық социалист әйелдердің конференциясы өтті. Осы үлкен жиында АҚШ-тан келген делегаттар белгілі коммунист Клара Цеткинмен кездеседі.

Неміс коммунисі Клара Цеткин 27 тамызда өткен конференцияда қоғам назарын әйелдер проблемасына аударып, халықаралық әйелдер күнін бекітуді ұсынады. Осыдан болар, Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихы жайлы сөз қозғалғанда, міндетті түрде Клара Цеткиннің есімі аталады.

1911 жылдан бастап бірқатар елдің нәзік жандары Халықаралық әйелдер күні митинг ұйымдастырып, гендерлік теңсіздікті жоюды талап ететін болды.

Халықаралық әйелдер күні бірнеше жыл бойы әр елде әртүрлі мезгілде аталып өтті. Мәселен, 1911 жылы Германия, Австрия, Дания және Швейцарияда 19 наурызда мерекеленсе, 1912 жылы дәл осы елдер мейрамды 12 мамырда тойлады. 1914 жылы әйелдер күні 8 наурызда әлемнің бірден 8 елінде – АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Дания, Германия, Нидерланды, Ресей мен Швейцарияда мерекеленді.Біріккен ұлттар ұйымы 1975 жылды – Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, 8 наурызды ресми түрде мереке етіп бекітті. Уақыт өте келе, бұл мейрам саяси көрінісін жоғалтты.

Бүгінде 8 наурыз Қазақстаннан басқа, ТМД елдерінде көктем мен махаббат мерекесі ретінде аталып өтеді. Тәжікстанда 2009 жылдан бастап мерекенің атауы өзгертіліп, Аналар күні деген атауға ие болды. Қазақстанда 8 наурыз күні демалыс болып саналады.

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*