ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Раййан нұры

Жеті атамызды біле жүрейік!

ai_admin 10.06.2020 38 рет қаралды

Тарихи деректерге сүйенсек, «Жеті ата» дәстүрінің пайда болуы Керей мен Жәнібектің хандық дәуірінде болған деседі.

«Жеті ата» дәстүрін қаймағы бұзылмаған қазақ халқы ғана қатаң түрде ұстанады. Ұрпағының болашағын, саулығын, кемелдігінің қамын жеген аталар балаларының тілі шүлдірлеп шыға бастағаннан-ақ жеті атасының атын атап, санасына сіңіруді мақсат еткен. Шежірені білетіндер ата-бабаларының қандай кәсіппен айналысқанын, олардың ел арасындағы абыройы мен алыс ауылға жеткен даңқын дәріптеген. «Жеті атасын» білген ұлдың намысты, жігерлі болатынына шүбәсіз сенген. Сөйтіп «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деп балаларына ел басқаруды сеніп тапсырған. «Жеті ата» деген ұғымның шығу төркіні де тереңде.

Бірде Жәнібек ханның ақылшысы әрі кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге ризалығын білдіріп, қандай аурудың қауіпті екенін әрі оның емінің не екенін сұраған көрінеді. Сонда емші еш кідірместен тұқым қуалайтын ауруды емдеудің қиындығын, мұның алдын алу үшін «Жеті Атаға» дейін туыс адамдар қыз алыспау керектігін айтыпты.

Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» деген жарлық шығыпты. Содан бері бұл тазалық қазақ халқының құнды дүниесіне айналған екен.

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*