ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Керек кеңес

Жаркое

ai_admin 21.02.2018 58 рет қаралды

Құрамы:

  • ет 300-400гр
  • картоп 4-5дана
  • пияз 1дана (үлкендеу)
  • сұйық май
  • томат 2а.қ
  • тұз
  • қара бұрыш
  • лавр жапырағы 1дана
  • аскөк
  • ұн 2а.қ
  • су 1,5ст

Дайындалуы:  1. Қазанға май құйып, отқа қоямыз. Оған ұсақталып туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз жұмсарған кезде туралған етті салып, қуырамыз. Ет қуырылған кезде, оған томатты қосып араластырамыз. Үстіне суды құйып, қақпағын жауып, аз отта 1 сағаттай уақыт пісіреміз.

  1. Картопты тазалап, ірілеу қылып тураймыз. Ұнды табаға салып, 1-2минут күйдірмей араластырып тұрамыз. Оны етке қосып, араластырамыз. Етке дəмдеуіштерді қосып, үстіне картопты саламыз (отты сəл қосамыз). Картоп пісерге таяп қалғанда лавр жапырағын суына батырып салып қоямыз.
  2. Сосын, тағамды тəрелкеге салып, үстіне аскөк сеуіп, дастарханға ұсынамыз. Ұнды салған себебіміз: сорпасы қою болып тұру үшін. Тұздықты осылай əзірлеп, тек гарниріне басқа тағамдарды қолдануға болады. Мысалы күріш, спагетти тағы басқа. Өте дəмді тұздық. Жəне тағамның түсі де қанық болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*