ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Раййан нұры

Әйелдер жайында Пайғамбарымыздың (с.а.с) мүбәрак сөздері

ai_admin 21.02.2018 50 рет қаралды

 

  • Жақсы мінез иесі бір әйел жетпіс әулиеден жоғары.
  • Жаман мінез иесі бір әйел мың жаман мінез иесі ерден де жаман.
  • Жүкті әйелдің екі рәкат намазы жүкті емес бір әйелдің жетпіс рәкат намазынан да хайырлы.
  • Өз баласын емізген әйелге әр жұтым сүті үшін жеке-жеке сауап беріледі.
  • Күйеуі үйге шаршап келген кезде, әйелі жылы жүзбен «Қош келдіңіз!» деп айтса, жарты жиһад (Аллаһ жолында қызмет) сауабы беріледі.
  • Әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне рақымдылықпен және мейірімділікпен қараса, Аллаһ Тағала екеуіне де рақымдылықпен қарайды.
  • Күйеуін Аллаһ жолында қызметке шығарып салып, өзі де үйінде әдептілікпен отырған әйел күйеуінен бес жүз жыл бұрын жәннатқа кіреді. Жетпіс мың періштенің және хор қыздардың басшысы болады. Жәннат суымен жуынғаннан кейін жақұттан жаратылған аттың үстінде күйеуін қарсы алады.
  • Баласы жылау себебімен ұйықтай алмаған және баласын тыныштандыру үшін тырысқан әйелдің Аллаһ Тағала күнәларын кешіреді де он екі жылдық қабыл болынған құлшылық сауабы беріледі.
  • Әйел «бисмилляһ» деп қамырын илесе, Аллаһ Тағала ырысына береке береді.
  • Әйел Аллаһты зікір етумен үйін тазаласа, Қағбаны тазалағандай сауап алады.
  • Әйел бес уақыт намазын оқып, Рамазан айының оразасын ұстап, ар-намысын қорғап, күйеуіне бағынса, жәннаттың қалаған есігінен кіреді.
  • Әйел малдың сүтін «бисмилляһ» деп сауса, сол мал ол әйел үшін дұға етеді.
  • Еріне бағынбаған әйелдің намазы басынан төбеге көтерілмейді.
  • Жүкті әйелге күндіздерінде ауыз бекіткен, түндерінде құлшылық жасаған сауабы беріледі.
  • Жүкті әйел босанғаннан кейін Аллаһ Тағала жетпіс жылдық ораза және құлшылық сауабы жазылады. Көрген қиыншылықтарына және әр тамырына келген шаншуына қажылық жасаған сауабы беріледі.
  • Егер әйел босанғаннан кейін қырық күн ішінде қайтыс болса, оған шәһиттік дәрежесі беріледі.
  • Егер бала түнде оянып, анасы қарғамай оны емізсе, анасына бір жыддық намаз және ораза сауабы беріледі.
  • Бала сүттен шыққаннан кейін аспаннан періште түсіріледі де, баласын емізген анаға: «Аллаһ саған жәннатты уәжіп қылды» — деп айтады.
  • Егер әйел күйеуі разы болған күйде дүниеден озса, оған жәннат уәжіп болады.
  • Салиқалы әйел жетпіс ерден дежоғары.
  • Хиджабына көңіл бөлген әйел жәннатта Аллаһтың рақымына бөленеді.
  • Жұқа киім киген әйелдер, бөтен ердің шәһуатын оятқан әйелдер, сәнденіп, әтір сеуіп сыртқа шыққан әйелдер жәннатқа кіре алмағаны сияқты жәннаттың иісін де ала алмайды.
  • Әйеліне бір мәселені үйреткенге жетпіс жылдық құлшылық сауабы беріледі.

*

Кімде-кім екі қыз баланы бой жеткізіп, балиғат жасына жеткенше тәрбиелесе, ол екеуміз жәннатта бірге боламыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*