ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Раййан нұры

Құран аяттары

ai_admin 21.02.2018 91 рет қаралды

  «Мүмін әйелдерге айт: бөгде ерлерден көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен (беті, қол-аяқтары) көрінгендерә басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін көрсету үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар».

                                                                             «Нұр» сүресі, 31-аят.

 *

    Ұл ұятымен, қыз қылығымен. Қыз балаға қырық үйден тыйым деп жатамыз, ал іс жүзінде осы қырықтың ішіне не кіретіндігін қаншалықты жақсы білеміз? Ал құрбыжандар, олай болса біле жүрейік. Келесідей істерге тыйым:

  1. Жарыса сөйлеуге.
  2. Жалғыз қыдыруға.
  3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап күлуге.
  4. Орынсыз ұрынуға.
  5. Басқаларға қол тигізуге.
  6. Өтірік, өсекке.
  7. Суық жүріс, сумаң қылыққа.
  8. Кісіге қарай керіліп, есінеуге.
  9. Талтайып отыруға.
  10. Шалқайып жатуға.
  11. Тамақты обырлана асауға.
  12. Ұрлық-қарлыққа.
  13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге.
  14. Бұраңдап қылымсуға.
  15. Қызыл іңірде жатуға.
  16. Түске дейін ұйықтауға.
  17. Кісі алдында киім ауыстыруға.
  18. Салт-дәстүрден аттауға.
  19. Елді ғайбаттауға.
  20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға.
  21. Ішімдік ішу мен шылым шегуге.
  22. Ұрыс-керіске.
  23. Беттен алып, бет жыртысуға.
  24. Қараулыққа, ысырапқа.
  25. Рақымсыздық пен қатігездікке.
  26. Түнде суға жалғыз баруға.
  27. Жат жыныстылармен араласып жатуға.
  28. Күйеуге қашып тиюге.
  29. Әдепсіз сөзге.
  30. Тарс-тұрс етуге.
  31. Адам мен жануарларды тебуге.
  32. Кісіні қорлап, жәбірлеуге.
  33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға.
  34. Айқай-сүреңге.
  35. Шектен тыс сыланып жасануға.
  36. Қызғаншақтық пен күншілдікке.
  37. Менмендік пен өзімшілдікке.
  38. Алдап-арбауға.
  39. Көрсеқызарлыққа.
  40. Нәпсіқұмарлыққа.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*