ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Поэзия

Тілек

ai_admin 22.02.2018 47 рет қаралды

Ақберен Елгезек

Көктем болып тынысташы,

Күлімдеші көктем боп.

Жүрегімді құлыпташы,

Жұлып таста, өкпем жоқ!

Аспанымды биіктетші,

Шуақ шашшы болып Күн.

Мына әлемді сүйікті етші,

Сүйікті етші, сүйіктім!

Сирень болып аңқып тұршы,

Балқып тұршы болып түн.

Әрбір таңда шалқып тұршы,

Шалқып жүрші, сүйіктім!

Орман болып тербетілші,

Мен тербейін болып жел.

Жұлдыз болып жерге күлші,

Мен жылайын болып жер!

Арманым боп орындалшы,

Түсім болшы баянды.

Керек болса, жанымды алшы,

Барымды алшы, аяулым!

Жаңғырық боп қайтып тұрсын,

Сенің сыршыл сөздерің.

Құпиямды айтып тұрсын,

Менің тылсым көздерім.

Дереккөз:  https://www.zharar.com/kz/olen/5731-tilek.html

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*