ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Қазақстан кино апталығы басталды

ai_admin 20.02.2018 61 рет қаралды

Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан  кино  апталығы басталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан кино апталығы басталды. Аталмыш шара «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты еліміздің тарихын, мәдениеті мен өнерін жаңғырту әрі насихаттау, өскелең ұрпақты тарихтағы елі мен жері үшін тар жол тайғақ кешкен тау тұлғалардың өмірімен таныстырып, патриоттық тәрбиеге баулу.

Қазақстан кино апталығы кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» көркем фильмімен бастау алды. Осы орайда айта кететіндігі «Аманат» фильмі «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылған болатын. Сонымен қатар аталмыш фильм Испания, Италия, Польша, Германия және де екі апта бойы Лос-Анджелесте көрсетілген. Шара барысында сөз алған режисссер «Отан деген ол ана, ал мен ұлтымның ұлы ретінде отаныма не істей аладым деп ойлана келе өз парызымды, еліме жеріме деген құрметімді, фильмдерім арқылы жеткізгім келді. Қазіргі заманауи тақырыптағы фильмдерді менің шәкірттерім түсіре жатар, ал мен бар қалған уақытымды осы тарихи тарыпқа арнадым»,-деді Сатыбалды Жәлелұлы. Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қауымы фильмге байланысты сұрақтарын қойып режиссерден тұшымды жауаптарын алды.

Қазақстан кино апталығы алдағы уақытта ҚазҰУ-дің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында жалғасын таппақ. Ақпанның 20-25 аралығында қазақстандық режиссерлердің «Заман-ай», «Сталинге сыйлық», «Жерұйық», «Алжир», «Оралман», «Жат» көркем фильмдерін тамашалай алады.

 Баспасөз қызметі   

Дереккөз:http://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/12622/

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*