ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Керек кеңес

Кірпік күтімі

ai_admin 23.02.2018 53 рет қаралды
  1. Ең маңызды және ең бірінші кеңес (қайталанса да айтамын) – тазалық. Бететгі бояумен ұйықтаушы болмаңыз
    Кірпіктің «жанын» табиғи майлар жақсы түсінеді. Кез-келген майды дәріханадан табуға болады, әрі бағалары да қолжетімді.
    • Майсана майы. Күнара бір сағатқа ғана жағып, кейін сүртіп тастауға болады. Егер кірпігіңіздің жағдайы тіпті нашар болса, күнделікті жатарда жағып, түні бойына қалдырасыз. Әсерін күшейту үшін қоспалар жасауға болады. Мысалы, майсана майы мен ромды теңдей етіп араластырып қолдансаңыз, кірпіктің төзімділігі артады және өсуі жылдамдайды. Сондай-ақ, майға Ажәне Е дәрумендерін қосуға болады. Бұл қоспаны жиі қолданып тұрсаңыз кірпіктер жылтырап тұрады. Егер майсана майына сәбіз шырынын қосып қолдансаңыз – кірпіктің түсі қоюлана түседі.
    • Ошаған майы. Ошаған майын шаш күтіміне ғанаемес, кірпік күтіміне де қолдануға болады. Майсана майы, А және В дәрумендері, алоэ шырынын қосып, қоспалар жасауға болады. Мұндай қоспаны бір ай жақсаңыз кірпігіңіз төгіліп шыға келеді.
    • Шырғанақ майы да кірпікке жақсы әсер етеді. Кірпіктердің көтеріліп өсуіне, ұзаруына көмектеседі. Бұл майды жеке өзін де, қоспа құрамында да қолдануға болады.

А дәрумені. Кірпігіңіз ұзын боп, тез өссін десеңіз, А дәрумені жақсы көмектеседі. Майсана майына А дәруменін (дәріханада сатылады) араластырып, күнде ұйықтар алдында кірпігіңізге жағып жүріңіз. 5 минуттай ұстап, мақтамен сүртіп алуды ұмытпаңыз.

3) Массаж. Кірпіктерді арнайы тарақтарымен жиі тарап, кірпік түбіне көбірек массаж жасап тұру да өте пайдалы, кірпіктің өсуін тездетеді. Кірпігіңізді сүрмемен бояғандай астынан жоғары қарай, түбін саусақтың ұшымен оңға, солға уқалаңыз.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*