ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Ай-Ару Сәні

Сәнге еру… керек пе?

ai_admin 21.02.2018 50 рет қаралды

Әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Сән дегеніміз не? Киімнің адам денесіне, сымбатына қонымды, жүріп-тұруына ыңғайлы болуы. Сән деген осы ғана. Неғұрлым бағасы қымбат киім киінсем, сәнді адам болғаным деу де қате ұғым. Арзанға ұрынып, олпы-солпы болудың да қажеті жоқ. «Сән» киімнің жаңа пішін үлгісін қалыптастырудың себепшісі. Киімнің әлеуметтік жүйесі мен пішін үлгісінің өзгеруіне байланысты сән талғамы да өзгеріп отырған. Сондықтан, киімді қолөнер саласының бірі ретінде қарастыруда ұлттық мәдени болмысымызды айқындайтын киімінің қалыпты сипатын болашақ ұрпаққа болжам боларлықтай даму өзегiнің келбетін ашу, негіздеме жасау, қазіргі кезеңдегі киім үлгілерінің және киінудегі ұлттық көрінісін айқындау басты мақсат болып табылады.

Сән – киімге, үй жасауына, қатысты белгілі бір ортада, белгілі бір уақыт кезеңінде қайсібір талғамның үстем болуы. Алайда сән киім кию, шаш қою, үй жасауы стилімен шектелмейді, ол өмірдің көптеген салаларын (өнер әдебиет, техникалық өндіріс) қамтып, ауқымды кеңейтіп отырады. Сән әлемі мамандарының мәлімдеуінше, киім үлгілері іскер мырзалар мен ханымдардың іскерлік қабілетін айқындап көрсетеді, сонымен бірге өткен ғасырдың немесе жылдарындағы сән үлгілері қайта оралатын көрінеді.

Есіңізде болсын, бірақ сән ағымына ілесу мүмкін емес. Сәннен қалмаймын деудің өзі көп жағдайда адамды шаршатады. Себебі, модельер мамандар ұсынған үлгілерді Сіз киемін дегенше екіншісі пайда болады. Иә, жаһанға жария болған сән үлгісі тұтынушыға араға бір жыл салып жететіні жасырын емес…
Дереккөз:http://allrefrs.ru/4-15287.html

Алдыңғы мақала
Келесі мақала

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*