ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Мен оқыған бір кітап

Мұхтар Мағауин «Жармақ»

ai_admin 05.02.2018 67 рет қаралды

«ЖАРМАҚ»

Шығармада Шыңғысхан төңірегіндегі тарихи талас та айтылады.Романның басты кейіпкері – Мұрат Бейсенұлы Қазыбеков және оның жармағы Марат Бейсенұлы Қазыбековтер. Романның өн бойы тола қиял мен мистика болғанымен, негізі шынайы өмірден алынған. Адамдар қақ жарылып, бүтіннің бөлшегіне айналып жатпаса да, әр адам өз ішінде ұдайы екі ойдың жетегінде жүретіні, әр кезде екі жолдың жолайрығында тұратыны айтпаса да ақиқат.Басты рөлдердеің бірі – Иман Қазақбайға да тиесілі. Қазақбай әлдебір журналдың бас редакторы қызметін атқарып, ел үшін, ұлт үшін жанын салады, кейін сонысы үшін қоғамға сүйкімсіз боп шеттеп қалады. Елден Иман кетіп, ылғи имансыздар қалса, қазақтың (Қазақбайдың) құрығаны. Бірақ, Иманның өзі кетсе де, көзі кетпейді, ол Мұратты тәрбиелеп кеткен еді. Мұрат имансыз Маратқа қарсы күреседі. Кейде әлсіздік танытып, жеңіледі, кейде жеңеді, кейде тіпті «ұ» әріптік қазақы ұлы қасиеті «а» әріптік бөтен пиғылға ауысып, Мұрат Маратпен тұтасып кетеді, қайтадан екеуінің арасы жарылып , иманды жолға қайта түседі…Осы себепті де шығарма «ЖАРМАҚ» деп аталды.

Алдында Иман Қазақбайдың шаң басып, жатып қалған күнделік дәптері сипатында баяндалған шығарма соңында М.Мағауин өзінен сөз қосып, «Қайыр, есен-сау тұрыңыз. Иманыңыздан айырылмасаңыз, барлық Мұрат орнына келері күмәнсіз» деп аяқтайды.

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0%D2%9B

1 Comments

  1. Жансая 27.02.2018

    Өте қызықты әрі жаңа сипатта жазылған шығарма!

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*