ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Мен оқыған бір кітап

Тынымбай Нұрмағамбетов «Ауғандық құстар»

ai_admin 23.02.2018 46 рет қаралды

Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Ауғандық құстар» жинағына жазушының «Ұлттың дерті»,»Ауғандық құстар», «Күнді жек көру», «Құпия кездесулер» т.б. әңгімелері енген.

Тынымбай ағамыз осындай қызық-қызық ситуацияларды тауып алады. Алып бара жатқан оқиға жоқ, қарап отырсаңыз. Бірақ, бағанағындай ситуациялардың өзі қызық.  «Ауғандық құстар» атты шығармасы да сонысымен қызық. Енді өмірде бар шындық қой.

Әлеуметтік астары мың қатпар. Ауғандық құстар келеді де біреудің баласының бетін шұқып, қанатып кетеді. Бір бай қызын ұзатып жатса, үстіне келеді да саңғып кетеді. Сөйтіп бәрін бүлдіреді. Осы оқиғалардың ауқымында жазушы адамдардың психологиясын керемет ашады. Кейіпкердің ойы: Біз осы қалада тұрып жатырмыз да, осы қалада қандай құстар пайда болғанына біз назар аудармаптық. Қандай құс бар? Қандай құс жоқ? Сөйтсе ауған құстары келіп бәрін қырып, бүлдіріп жатыр. Аспандағы құстар қандай боп кеткен дейміз, ал адамдар қандай боп кеткен? Қарасаңыз өте қызық әңгіме, қызық ситуация.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*